Philips Sonicare ProtectiveClean 6100 User Manual page 238

Hide thumbs Also See for Sonicare ProtectiveClean 6100:
Table of Contents

Advertisement

238
Қазақша
Зарядтағыш
1 Тазаламас бұрын зарядтағышты токтан ажыратыңыз.
2 Зарядтағыштың бүкіл бетін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Сақтау
Егер Philips Sonicare ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса,
зарядтағышты қабырға розеткасынан ажыратып, оны тазалаңыз,
одан кейін күн сәулесі тікелей түспейтін салқын әрі құрғақ жерде
сақтаңыз.
Үлгі нөмірін табу
Үлгі нөмірін Philips Sonicare тіс щеткасы сабының астынан қараңыз.
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға
болмайтынын білдіреді (2012/19/EU) (сурет 25).
-
Бұл белгі осы өнімде күнделікті үй қоқыстарымен (сурет 26) бірге
тастауға болмайтын кірістірілген қайта зарядталатын батарея бар
екенін білдіреді (2006/66/EC). Зарядталатын батареяны кәсіби
түрде алу үшін, өнімді ресми жинау орнына немесе Philips қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
-
Электрондық және электр өнімдері мен қайта зарядталатын
батареяларды бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді
орындаңыз. Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізбеуге көмектеседі.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Абайлаңыз: Құрылғыны тастау кезінде қайта зарядталатын
батареяны ғана алып тастаңыз. Батареяны алып тастау алдында
оның толығымен бос екендігін тексеріңіз.
Қайта зарядталатын батареяны алу үшін сүлгі немесе шүберек, балға
мен жалпақ басты (стандартты) бұрауыш қажет. Төменде сипатталған
процедураны орындау кезінде негізгі сақтық шараларына назар
аударыңыз. Көздерді, қолдарды, саусақтарды және жұмыс істейтін
бетті қорғаңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sonicare 4300

Table of Contents