Bosch AKE 30 LI Original Instructions Manual page 285

Cordless 36 v lithium ion chainsaw featuring syneon chip
Hide thumbs Also See for AKE 30 LI:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 24
OBJ_BUCH-1275-004.book Page 285 Monday, April 4, 2016 1:04 PM
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 2 басып кейін қосқыш/өшіргішті 3 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр бұйым іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда қосуға
қарсы оқшаулау пернесін босатуыңызға болады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 3
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 3
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Ескертпе: Шынжырлы араны алдыңғы қол қорғау
құралын 6 басу арқылы тоқтатпаңыз (кері соққы тежеуішін
іске қосу).
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Кері соққы тежеуіші (F суретін қараңыз)
Кері соғу тежегіші бұл кері соғатын шынжырлы арада
алдыңғы қол қорғанышы 6 арқылы іске қосылатын
қорғаныс механизмі. Ара шынжыры ұзағымен 0,15
секундтан соң тоқтайды.
Оның функциясының қалыпты жұмыс істеп тұрғанын
әрдайым тексеріп жүруіңіз лазым. Алдыңғы қол қорғау
құралын 6 алға қарай итеріп ( позиция), шынжырлы
араны қысқа уақыт үшін қосыңыз. Ара шынжыры жүріп
кетпеу керек. Кері соққы тежеуішін оқшаулаудан қайта
босату үшін, қосқыш/өшіргішті 3 босатып жіберіп,
алдыңғы қол қорғау құралын 6 қайта кері тартыңыз (
позиция).
Ескертпе: Кері соққы тежеуіші қосылып тұрғанда
шынжырлы араны іске қосссаңыз дыбысты бір ескерту
белгі естілетін болады («дыбысты "пип" белгісі»).
Шынжырлы араны іске қосу үшін Қосу/Өшіру түймешігін 3
босатып жіберіп, алдыңғы қол қорғау құралын 6  кері
тартып, одан кейін Қосу/Өшіру түймешігін 3 басыңыз.
Шынжырлы арамен жұмыс істеу
Арамен кесу алдынан
Араны іске қосу алдынан және әрдайым арамен кесу
барысында төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуіңіз
лазым:
– Шынжырлы ара іске қосылып қолданылу үшін
жарамды қалыпта ма?
– Май резервуары маймен толтырылды ма? Май
дәрежесінің көрсеткішін жұмысты бастау алдында
және әрдайым жұмыс барысында тексеріңіз. Май
дәрежесі көрсеткіш терезесіндегі ең төменгі белгіге
жетіп қалса, резервуарға май құйыңыз. Толтырылған
май жұмыс барысында үзіліс жасауға және жұмыс
қарқындылығына қарай отыра шамамен 15 минутқа
жетеді.
– Ара шынжыры дұрыс керілді ме немесе қайранып
алынды ма? Арамен кесу барысында шынжыр кернеуін
әрдайым әр 10 минут бойы тексеріңіз. Әсіресе жаңа
ара шынжырларын қолданғанда алғашқы уақытта
кеңейтудің жоғары бола алуына назар аударыңыз
Bosch Power Tools
лазым. Ара шынжырының күйі арамен кесу
нәтижелеріне айтарлықтай әсер етеді. Те қана өткір ара
шынжырлары шамадан артық жүктелуден қорғай
алады.
– Кері соққы тежеуіші қосылып, оның жұмыс функциясы
қамтамасыз етіле ме?
– Талап етілетін лайықты қорғау жабдықтарын киіп
жүрсіз бе? Қорғаныс көзәйнек пен қорғау
құлаққаптарын қолданыңыз. Бас, қолдар мен аяқтар
үшін қосымша қорғау жабдықтарын киіп жүруіңіз
лазым. Лайықты қорғау киім ұшып жататын арамен
кесілген өнімдері немесе ара шынжырын кездейсоқ
түрде түртіп қалудан түсе алатын жарақаттану қауібін
азайтады.
Араның кері соғуы (F суретін қараңыз)
Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған араның,
шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп қалғанда немесе ара
қысылып ілініп қалғанда пайда болатын, жоғарыға және
артқа қарай кездейсоқ соға бастауын білдіреді.
Араның кері соққысы пайда болғанда шынжырлы ара
күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының немесе
арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта тұрған басқа
адамдардың ауыр жарақаттануына апара алады.
Арамен бүйірінен кесу, көлденеңінен және ұзынынан кесу
жұмыстары аса сақтықпен өткізілуі тиіс, себебі онда тісті
таяныш 8 бекітіле алынбайды.
Араның кері соққысын болдырмау үшін:
– Шынжырлы араны мүмкін болғанша тегіс қылып қоя
отырып жұмыс істеңіз.
– Ешқашан босайған, кеңейтілген немесе аса тозылып
қалған ара шынжырымен жұмыс істемеңіз.
– Ара шынжырын нұсқаулықта белгілеп көрсетілгендей
қайраңыз.
– Кесілетін өнімдерді ешқашан иықтарыңыздың
биіктігінде болғанда кеспеңіз.
– Ешқашан шапқы ұшымен кеспеңіз.
– Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен бекем
ұстап жүріңіз.
– әрқашан Бош компаниясы арқылы рұқсат етілген, кері
соққыны болдырмайтын не азайтатын шынжырлы
араларды қолданыңыз
– Тісті таянышын 8 тетік ретінді қолданыңыз.
– Шынжырдың кернеуі дұрыс болғанына назар
аударыңыз.
Жалпы жүріс-тұрыс ережелері
(F – I суреттерін қараңыз)
Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен берік ұстап,
алдыңғы қол тұтқасын сол қолыңызбен, ал артқы қол
тұтқасын оң қолыңызбен ұстап жұмыс істеуіңізге назар
аударыңыз. Тұтқаларды әрқашан қолдарыңыздың
басбармақтары мен бармақтарымен толығымен ұстаңыз.
Ешқашан тек бір қолмен қана кеспеңіз.
Қaзақша | 285
F 016 L81 531 | (4.4.16)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents