Bosch GIS 1000 C Professional Original Instructions Manual page 272

Hide thumbs Also See for GIS 1000 C Professional:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
272 | Қaзақша
Өлшеу пернесін 4 басып өлшеу құралын өлшеу
нысанының орталығына тік бағыттаңыз. Өлшеу
аяқталғаннан соң соңғы мақсатты өлшеу нысанының
беттік температурасы o индикаторында, қоршау
температурасы i индикаторында, ал салыстырмалы ауа
ылғалдылығы h индикаторында айқындалады. Есептелген
еру нүктесі температурасы j индикаторында көрсетіледі.
Өлшеу құралы автоматты ретте мәндерді салыстырып
мәндердің түсініктемесін q белгісімен l нәтижелер
шкаласында көрсетеді:
– q белгісі жасыл аймақта: ағымдық шарттарда зең басу
қауіпі жоқ.
– q сары аймақта: мәндер шектік аймақта; бөлме
температурасына, жылылық көпірлеріне және ауа
ылғалдылығына назар аударып аз уақыттан соң
өлшеуді қайталаңыз.
– q белгісі қызыл аймақта: зең басу қауіпі бар, себебі ауа
ылғалдылығы тым жоғары немесе беттік температура
еру нүктесінің температурасы аймағында тұр. Ағымдық
мән индикаторде жыпылықтайды.
Беттік температура еру нүктесі темперературасының 80 %
жеткенде зең басу ескертуі пайда болады. Зең басу
қауіпінде себебіне байланысты ауа ылғалдылығын жиі
және мұқият желдету арқылы төмендетіңіз, бөлме
температурасын көтеріңіз немесе жылылық көпірлерін
жойыңыз.
Ескертпе: Өлшеу құралымен зең спораларын айқындау
мүмкін емес. Ол шарттар өзгермесе зең басуы мүмкіндігін
білдіреді.
Пайдаланушы режимі
Пайдаланушы режимінде беттік пен қоршау
температурасы және салыстырмалы ауа ылғалдылығы
өлшенеді. Олар негізінде еру нүктесі температурасы мен
орташа температура (үздіксіз өлшеудегі беттік
температуралардың орташа мәні) есептеледі.
Керек болса, төмендегі мәндерді көрсеткіште жсыруыңыз
мүмкін: орташа температура, салыстырмалы ауа
ылғалдылығы, қоршау температурасы мен еру нүктесі
температурасы.
Ол үшін „Бас мәзірді" шақырыңыз („„Бас мәзірге"
өтіңіз" 273 бетінде қараңыз). „Функциялар" кіші мәзірін
таңдап оның ішінде „Пайдаланушы режимі" тармағын
таңдаңыз. Бұл жерде „Орташа темп. ", „Ауа
ылғалдылығы", „Бөлме температурасы" және „Еру
нүктесі" индикаторларын қосу мен өшіру мүмкін.
Беттік температраларды өлшеу үшін минималды мен
максималды мән k нәтижелер шкаласында l автоматты
сәйкестендірілуін немесе қолмен белгіленуін таңдау
мүмкін. Ол үшін „Пайдаланушы режимі" мәзірінде
„Шкала аймағы" кіші мәзірін таңдаңыз.
– „auto" тармағын мәндер k беттік температура
режиміндегідей автоматты өлшенуін қалағаныңызда
таңдаңыз. Өлшеу әдісінің минималды мен максималды
температура мәні k инликаторында өлшеу
нәтижелерінің айырмашылығы 3 °C-тен көп болғанда
пайда болады.
1 609 92A 0XP | (17/4/15)
– Мәндерді қолмен белгілеу үшін „алдын ала
реттелгенді" таңдаңыз. Керекті мәндерді
„Пайдаланушы режимі" мәзірінде „Шкала төменгі
шегі" мен „Шкала жоғарғы шегі" тармақтарын
реттеңіз. k көрсеткішінде қолмен орнатылған
минималды мен максималды мәндер пайда болады.
Олмен, мысалы q белгісі негізіндегі түрлі өлшеулердің
экрандық суреттерін салыстыру мүмкін болады.
Пайдаланушы режиміне ауысу үшін, стандартты
индикаторлер экранына оралыңыз. Сосын сол көрсеткі
пернесін 15 немесе оң көрсеткі пернесін 11
„Пайдаланушы режимі" терезесі режимдің қысқа
анықтамасымен көрсетілгенше баса беріңіз. Анықтаманы
алдын ала жою үшін сақтау пернесін 9 басыңыз.
Анықтаманы жойып өлшеуді дереу бастау үшін өлшеу
пернесін 4 басыңыз.
Өлшеу пернесін 4 басып өлшеу құралын өлшеу
нысанының орталығына тік бағыттаңыз. Өлшеуді
аяқтғаннан соң таңдалған мәндер көрсетіледі.
Деректерді тасымалдау
USB ұяшығы арқылы деректерді тасымалдау
1 қаптамасын ашыңыз. Өлшеу құралының микро USB
ұяшығын 26 жинақтағы микро USB кабелі 8 арқылы
компьютерге немесе ноутбукке қосыңыз . Сақталған JPG
файлдары өлшеу құралының ішкі жадынан көшірілуі,
жылжытылуы немесе жойылуы мүмкін. 1 қапатмасын
микро USB кабелін ажыратқанда қайта жабыңыз.
Ескертпе: Өлшеу құралын микро USB кабелі арқылы
компьютермен немесе ноутбукпен байланыстырыңыз.
Басқа құрылғыларға қосуда құрылғыны зақымдау мүмкін.
Ескертпе: Өлшеу құралының аккумуляторы USB
интерейсі арқылы зарядтау мүмкін. Аккумуляторды
зарядтау туралы „Аккумулятормен пайдалану" 267
бетінде қараңыз.
Bluetooth® арқылы деректерді тасымалдау
Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол
радиотехника арқылы белгілі мобильды қабылдаушы
құралдарға Bluetooth® ұяшығы арқылы деректерді
тасымалдауға мүмкіндік береде (мысалы смартфон,
планшет).
Bluetooth® байланысы үшін талап етілетін жүйелік
алғышарттар туралы www.bosch-professional.com Bosch
интернет сайтында төмендегі мекенжайда табасыз:.
Bluetooth® байланысын өлшеу құралын қосу үшін, „Бас
мәзірді" шақырып („„Бас мәзірге" өтіңіз" 273 бетінде
қарап) „Bluetooth" тармағын „қосулы" күйіне реттеңіз.
Дисплейде f индикаторы пайда болады. Мобильді
құралыңызда Bluetooth® интерфейсінде ұяшығының
белсендірілуін қамтамасыз етіңіз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents