Philips HD9160 User Manual page 93

Hide thumbs Also See for HD9160:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
-
Алынбалы табақ түптерін әрқашан бумен пісіргіштің үстіңгі жағына
орнатып, олардың дұрыс салынғанын қадағалаңыз («сырт» етеді).
-
Бумен пісіргіш (жайлап) жұмыс жасап жатқанда немесе оның
қақпағын ашқанда шығатын өте ыстық буды абайлаңыз. Тамақты
тексерерде сабы ұзын ас үй құралдарын қолданыңыз.
-
Қақпақты ашқанда әрдайым абай болыңыз және оны алшақ
ұстаңыз. Күйіп қалмас үшін, қақпақта сұйықталып қалған суды бумен
пісіргішке ағызыңыз.
-
Тамақ ыстық болғанда әрқашан бумен пісіргіш ыдыстың сабынан
ұстаңыз.
-
Бумен пісіргіш жұмыс жасап тұрғанда оны қозғамаңыз.
-
Бумен пісіргіш жұмыс жасап тұрғанда оның үстінен қолыңызбен
немесе денеңізбен өтпеңіз.
-
Құралдың ысып кететін беттерін қолыңызбен ұстамаңыз. Құралдың
ыстық бөліктерін ұстар алдында, әрдайым ас үй қолғаптарын
қолданыңыз.
-
Құралды бумен зақымдалуы мүмкін заттардың, мәселен қабырғалар
мен ас үй шкафтары секілді заттардың астына немесе жанына
қоюға болмайды.
-
Құралды жарылуы мүмкін немесе жанып кетуі мүмкін булар шығып
тұрған жерде немесе солардың жанында қолдануға болмайды.
-
Зақым тигізуі мүмкін жағдай туғызбас үшін, құралды ешқашан
таймер түймесіне немесе басқару пультіне байланыстырмаңыз.
автоматты түрде сөндіру
Құрылғы автоматты түрде өшетіндей етіп жабдықталған. Құрылғыны
қосқаннан кейін реттеу түймесін алдын ала орнатылған булау режиміне
қоймаған жағдайда 5 минуттың ішінде автоматты түрде өшеді.
Сондай-ақ, алдын ала қойылған булау уақыты өткеннен кейін құрылғы
автоматты түрде өшеді.
Құрғақ түрде қайнату қорғанысы
Бұл бумен пісіргіш қайнап құрғап кетуден сақтайтындай етіп жасалған.
Егер құралдың су құятын ыдысында су жоқ болса немесе қолдану
барысында су тасып кетсе, онда қайнап құрғап кетуден сақтау
мүмкіндігі құрылғыны автоматты түрде өшіреді. Құралды қайта
қолданар алдында оны 10 минуттай суытып алыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге
(ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы
пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі
ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге
болады.
алғаш пайдаланар алдында
1
Құралды алғашқы рет қолданар алдында, тамақпен байланысқа
түсетін бөлшектерін жақсылап тазалаңыз («Тазалау» тармаған
қараңыз).
2
Су ыдысы ішін дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз.
ҚазаҚша
93

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents