Moulinex masterchef compact QA203810 Manual page 148

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
Қантты кекс
Құрам бөліктер: 2 жұмыртқа, 125 г қант, 125 г бөліктерге туралған жұмсақ май, 250 г ұн, 70 мл сүт,
1 шағын пакет (11 г) қамыр қопсытқышы, 1 шағын пакет (6,5 г) ваниль қанты.
Ұннан басқа барлық құрам бөліктерді тостағанға салыңыз. Араластырғышты және қақпақты
орнатыңыз. 1 жылдамдықта бірнеше секундқа қосыңыз, осыдан кейін құралды тоқтатпай біртіндеп
ұн қосыңыз. Шамамен 3 минут бойы қамырды илеңіз. Үрме пешті 180° С-қа дейін қыздырыңыз.
Қамырды сары май жағылған және ұн себілген кекске арналған қалыпқа салыңыз. Шамамен 40 минут
бойы пісіріңіз.
Тұзды кекс
Құрам бөліктер: 200 г ұн, 4 жұмыртқы, 1 шағын пакет (11 г) қамыр қопсытқышы, 100 мл салқын сүт,
50 мл зәйтүн майы, 12 кептірілген қызанақтар, 200 г фета ірімшігі, 15 бөліктерге туралған сүйегі
жоқ жасыл зәйтүндер, тұз, бұрыш.
Үрме пешті 180° C-қа дейін қыздырыңыз. Кекске арналған қалыпты сары маймен майлаңыз және ұн
себіңіз. Тостағанға ұн, жұмыртқа және ашытқыларды салыңыз. Араластырғыш пен қақпақты
орнатыңыз. Алдымен 1 жылдамдықты қосыңыз, сосын 3-ке дейін арттырыңыз. Құралды тоқтатпай
зәйтүн майын және сүтті қосыңыз және жарты минут бойы араластырыңыз. 3 жылдамдыққа көшіңіз
және кептірілген қызанақты, фетаны және зәйтүнді қосыңыз. Тұз бен бұрыш қосыңыз. Дайын болған
қоспаны қалыпқа салыңыз және 30-40 минут бойы пісіріңіз.
Майонез
Құрам бөліктер: 1 жұмыртқа сарыуызы, 1 ас қасыз қыша, 1 шәй қасық сірке суы, 250 мл өсімдік майы,
тұз, бұрыш.
Назар аударыңыз: барлық құрам бөліктердің температурасы бөлме температурасындай болуы керек.
Майдан басқа барлық құрам бөліктерді тостағанға салыңыз. Көп талшықты бұлғауышты және
қақпақты орнатыңыз. Алдымен 1 жылдамдықты қосыңыз және өсімдік майын жіңішкелеп ағызып
құюды бастаңыз. 10 с-тен кейін 4 жылдамдыққа көшіңіз және өсімдік майын аздап құюды жалғастыра
беріңіз. Барлық майды құйып болғаннан кейін құралды тағы 30 с-қа қосулы күйде қалдырыңыз.
Назар аударыңыз: Тоңазытқышта сақтаңыз және 24 сағат ішінде қолданыңыз.
Көпсітілген кілегей
Құрам бөліктер: 250 мл қатты салқындатылған балғын сұйық кілегей, 50 г қант ұнтағы.
Тостағанға кілегейді құйыңыз және қант ұнтағын салыңыз. Көп талшықты бұлғауышты және қақпақты
орнатыңыз. 2 минут бойы 3 жылдамдықта, сосын жарты минут бойы 4 жылдамдықта көпсітіңіз.
KK
148

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents