Жұмысқа Дайындық - Moulinex masterchef compact QA203810 Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
СИПАТТАМАСЫ
a - Қозғалтқыш блогі
a1 Жылдамдықты ауыстырып-қосу иінтірегі
a2 Баяу шығу
a2.1 Блендер керек-жарағын шығару
a2.2 Көкөністерді турауға арналған саптаманы
шығару
a3 Көп функционалды бастиекті бұғаттан
шығаруға арналған
батырма
a4 Көп функционалды бастиек
a5 Жылдам шығу
a6 Жылжымалы саңылау
b - Тостаған жинағы
Тостаған
Қақпақ
c - Блендер керек-жарақтары
Қамыр илегіш
Араластырғыш
Көп талшықты бұлғауыш
Сіз сатып алған үлгінің жабдықталған керек-жарақтары қораптың жоғарғы бетінде орналасқан
затбелгіде көрсетілген.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
• Алғаш қолданар алдында саптамаларды сабынды сумен жуып шығыңыз. Оларды мұқият шайыңыз
және кептіріңіз.
• Құралды тегіс, таза әрі құрғақ бетке орнатыңыз, жылдамдықты ауыстырып-қосу иінтірегінің (a1)
«0» жағдайда орнатылғанына көз жеткізіңіз, сосын құралды электр желісіне қосыңыз.
• Құралды жұмысқа қосу үшін сізде бірнеше нұсқа бар:
- Кідірмелі жұмыс істеу режімі (серпілісті): жылдамдықты ауыстырып-қосу иінтірегінің (a1)
дайындалып жатқан тағамды жақсырақ бақылау үшін бірізді серпілістермен «серпілісті режім»
(pulse) жағдайына бұраңыз.
- Тұрақты жұмыс істеу режімі: жылдамдықты ауыстырып-қосу иінтірегін (a1) дайындалып жатқан
тағамға байланысты 1-ден 4-ке дейінгі қажетті жағдайға бұраңыз.
• Сіз дайындау барысында жылдамдықты өзгерте аласыз.
• Құралды тоқтату үшін иінтіректі (а1) «0» жағдайына қойыңыз, сосын құралды электр қорегінен
ажыратыңыз.
Қызып кетуден сақтау:
Осы асхана құралы жұмыс істеу барысында қуатты бақылайтын және талдайтын микропроцессормен
жабдықталған. Аса қатты жүктеме жағдайында жылдамдықты төмендету немесе құралды өз бетінше
KK
тоқтату арқылы ол бейімделеді. Тоқтаған жағдайда, жылдамдықты ауыстырып-қосу иінтірегінің (a1)
«0» жағдайына қойыңыз, сосын құралды электр қорегінен ажыратыңыз және құрам бөлшектердің
жартысын алып тастаңыз. Құралды бірнеше минутқа қалдырыңыз. Осыдан кейін сіз оны қайтадан
электр қорегіне жалғап, жылдамдықты ауыстырып-қосу иінтірегін (a1) рецепті бойынша қажетті
жылдамдыққа бұрау арқылы қосыңыз.
Параграфтардың нөмірлері суреттердің нөмірлеріне сәйкес келеді.
d - Блендер тостағаны (үлгіге байланысты)
d1 Тостаған
d2 Қақпақ
d3 Мөлшерлегіштің батырмасы
e - Көкөністерді турауға арналған саптама
(үлгіге байланысты)
e1 Көкөністерді турауға арналған бейімдегіш
e2 Атанақ қабылдағышы
e2.1 Ось
e3 Итергіш
e4 Атанақты орнықтыру балдағы
e5 A атанағы — тілімдеп турауға арналған
e6 C атанағы — ірілеп үгу
e7 D атанағы — ұсақтау үгу
e8 E атанағы — пармезанға арналған
(үлгіге байланысты)
e9 R атанағы — сабандап турауға арналған
(үлгіге байланысты)
142

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents