Moulinex masterchef compact QA203810 Manual page 143

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
1 - ҚАМЫРДЫ АРАЛАСТЫРУ, ИЛЕУ, ЭМУЛЬСИЯЛАРДЫ
БҰЛҒАУ, ДАЙЫНДАУ, КӨПСІТУ
ҚАЖЕТТІ КЕРЕК-ЖАРАҚТАР:
- Тостаған (b1)
- Қақпақ (b2)
- Қамыр илегіш (c1), немесе араластырғыш (c2), немесе көп талшықты бұлғауыш (c3)
1.1 КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ОРНАТУ (1 СУРЕТ):
• Көп функционалды бастиекті (a4) бұғаттан шығару үшін батырманы (a3) басыңыз, оны соңына дейін
көтеріңіз.
• Тостағанды (b1) құралда бұғаттаңыз (сағат тілі бағытына қарама-қарсы) және құрам бөлшектерді салыңыз.
• Қажетті керек-жарақты (с) тырс еткен дыбыс шыққанша, шығуда (a2.1) орнатыңыз.
• Көп функционалды бастиекті (a4) көлденең жағдайға орнатыңыз: батырманы басыңыз (a3) және
көпфункционалды бастиекті (a4) бұғатталғанша (батырманы (a3) бастапқы жағдайға келтіру) оны қолмен
түсіріңіз.
• Қақпақты (b2) тостағанға (b1) орнатыңыз.
Ескертпе: Қақпақты қолдану міндетті емес. Ол шашырау және дақтардың түзілу қауіп-қатерін төмендетуге
мүмкіндік береді.
• Жылжымалы саңылаудың (a6) жылдам шығу (a5) орнында орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1.2 ҚОСУ:
• Жылдамдықты ауыстырып-қосу иінтірегін (a1) рецепті бойынша қажетті жылдамдыққа бұрау арқылы
құралды қосыңыз.
• Сіз дайындау барысында өнімдерді қақпақтағы саңылау (b2) арқылы қоса аласыз.
• Құралды тоқтату үшін иінтіректі (а1) «0» жағдайына қойыңыз.
Кеңестер:
- Қамырды илеу
- Қамыр илегішті (с1) тек «1» жылдамдықта ғана қолданыңыз.
Сіз:
- 500 г нанға арналған қамырға (мысалы: ақ нан, дәнді нан және т.б.)
- 400 г арнайы нанға арналған ұнға (сұрыбы 55 (T55) жоғары ұн: қара бидай наны, кебектері бар нан және
т.б.)
- 250 г ашытқылы қамырға (бөлішке, эльзас қаусырмасы, пиццаға арналған қамыр, үгілмелі қамыр және
т.б.)
- 750 г сүтті нанға арналған ұнға (негізгі рецептіні қараңыз)дейін илей аласыз.
- Ең ұзақ жұмыс істеу уақыты: 13 минут.
Жақсы нәтижелерге жету үшін 4 суреттің нұсқауларын сақтаңыз.
- Араластыру
- Араластырғышты (c2) «1»-ден «4»-ке дейінгі жылдамдықта пайдаланыңыз.
Сіз:
- 1 кг кекстерге арналған қамырға, қайнатылған қамырға және т.б.
- 2,7 кг қантты кекске арналған қамырға (негізгі рецептіні қараңыз)дейін араластыра аласыз.
- Араластырғышты (с2) ешқашан ауыр қамырды илеу үшін қолданбаңыз.
- Ең ұзақ жұмыс істеу уақыты: 13 минут.
- Эмульсияны бұлғау, дайындау, көпсіту
- Көп талшықты бұлғауышты (c3) «1»-ден «4»-ке дейінгі жылдамдықта пайдаланыңыз.
Сіз: майонез, сарымсақты тұздық, көпсітілген ақуыздарды (8 жұмыртқа ақуызына дейін), көпсітілген
кілегей (500 мл-ге дейін) және т.б. дайындай аласыз.
- Көп талшықты бұлғауышты (с3) ешқашан ауыр қамырды илеу немесе жеңіл қамырды араластыру
үшін пайдаланбаңыз.
143
KK

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents