Moulinex masterchef compact QA203810 Manual page 147

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Жеткізушіден немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығынан сізге құралдың жиынтықтылығын
толықтыратын келесі керек-жарақтарды сатып алуға болады:
Тостаған
Блендер тостағаны
Тостаған қақпағы
Шағын тартқыш
Қамыр илегіш
Шағын тартқыштың бастиегі
Араластырғыш
Көкөністерді турауға арналған
Көп талшықты бұлғауыш
бейімдегіш
Назар аударыңыз: кез келген керек-жарақты сатып алу үшін сіз өзіңіздің құралыңызға арналған
пайдалану бойынша нұсқаулықты немесе құралдың өзін көрсетуіңіз керек.
НЕГІЗГІ РЕЦЕПТІЛЕР
Ақ нан
Құрам бөліктер: 350 г 55-ші сұрыпты ұн, 210 мл жылы су, 5 г нан пісіруге арналған құрғақ ашытқы,
5 г тұз.
Тостағанға тұзды, ұнды және нан пісіруге арналған ашытқыны салыңыз. Қамыр илегішті және
қақпақты орнатыңыз. 1 жылдамдықта бірнеше секундқа қосыңыз, осыдан кейін су қосыңыз. Қамырды
шамамен 8 минут бойы илеңіз. Қамырды жарты сағатқа бөлме температурасында қалдырыңыз, сосын
қамырды қолмен илеңіз, күлше жасаңыз және майланған және ұн себілген қаңылтыр табаға салыңыз.
Қамырдың көтерілуі үшін оны шамамен 1 сағатқа қалдырыңыз. Үрме пешті 240° C-қа дейін
қыздырыңыз. Бөлкенің үстінде бірнеше кесіктер жасаңыз, оны жылы сумен сулаңыз. Алтын түсті
қабыршақ түзілуі үшін үрме пешке суы бар ыдысты қойыңыз. Шамамен 30 минут бойы пісіріңіз.
Үгілмелі қамыр
Құрам бөліктер: 200 г ұн, 100 г бөліктерге туралған жұмсақ май, 50 мл су, 1 шымшым тұз.
Тостағанға ұн, май және тұз салыңыз. Қамыр илегішті және қақпақты орнатыңыз. 1 жылдамдықта
бірнеше секундқа қосыңыз, сосын құралды тоқтатпай су қосыңыз. Қамырдан әдемі күлше пайда
болғанша оны илеуді жалғастыра беріңіз. Қамырды жайып және оны пісіруден бұрын азық-түлік
үлдіріне салыңыз және шамамен жарты сағатқа қалдырыңыз.
Сүтті нан
Құрам бөліктер: 500 г ұн, 1 жұмыртқа, 80 г бөліктерге туралған жұмсақ май, 80 г қант, 250 мл жылы
сүт, 5 г нан пісіруге арналған құрғақ ашытқы, 1 шымшым тұз.
Барлық құрам бөліктерді тостағанға салыңыз. Қамыр илегішті және қақпақты орнатыңыз. 1
жылдамдықта шамамен 8 минутқа қосыңыз. Қамырды жарты сағатқа бөлме температурасында
қалдырыңыз, сосын қамырды қолмен илеңіз. Қамырды кішкентай бөліктерге тураңыз және одан
бөлішкелер жасаңыз. Оларды жарғақты қағазбен жабылған қаңылтыр табаға қойыңыз және олардың
көтерілуі үшін шамамен 30—40 минутқа қалдырыңыз. Үрме пешті 200° C-қа дейін қыздырыңыз.
Бөлішкелерге қант пен сүттің аз ғана мөлшері қосылған жұмыртқа сарыуызын жағыңыз. Шамамен 20
минуттай пісіріңіз.
Көкөністерді турауға арналған
саптамалар:
- A: тілімдеп турау үшін
- C: ірілеп үгу
- D: ұсақтап үгу
- E: пармезан үшін
- R: сабандап турау үшін
147
KK

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents