Пайдаланушының Жұмыс Аймағы; Электр Қозғалтқышқа Дұрыс Жүктеме Түсіру; Электр Қозғалтқышты Қызып Кетуден Қорғау Құрылғысы; Аэратор Блогы Бұғатталған Жағдайда - Stihl RLE 540 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for RLE 540:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 27
Уақыт:
Жыл сайынғы қопсыту үшін ең тамаша
уақыт — көктем.
Егер көгал жылына бір реттен көбірек
аэратормен өңделсе, бұл жұмыстарды
жаздың ортасында жəне күздің
ортасында орындамаған жөн.
Шөпке қопсытудан кейін қалпына келу
үшін екі апта керек. Сондықтан, көгалды
көктемгі өсу кезінде қопсыту оңтайлы
болып табылады.
Қатты өсіп кеткен көгалдарды жылына
екі рет өңдеу керек: бірінші рет –
көктемде, ал келесі рет – күзде.
Көгалды дайындау:
Қопсыту алдында шөпті шамамен 2-
3 см биіктікке қырқыңыз.
Көгал неғұрлым қысқа етіп кесілген
болса, ол соғұрлым жақсы
қопсытылады.
Көгал жаңадан тұқым себілген, ылғалды
немесе тым құрғақ болмауы керек.
Оңтайлы жұмыс нəтижесіне қол
жеткізу бойынша кеңестер:
● Топырақты тек шөп тамырларын
зақымдамайтындай етіп тырнау
керек. (
7.4)
● Аэраторды түзу, параллель
сызықтар бойымен жүргізіңіз.
● Бірдей жұмыс жылдамдығын
ұстаныңыз.
● Бұру алдында əрқашан аэратор
блогын тасымалдау күйіне
орнатыңыз. (
7.3)
● Бір орында ұзақ тұрмаңыз.
● Қатты басылған көгалды екінші рет
бірінші жолға кесе-көлденеңінен
қопсытыңыз.
434
Қопсытудан кейін:
● Көгалдан қопсытудан пайда болған
материалды мұқият кетіріңіз.
● Көгалға тыңайтқыш себіңіз жəне
ықтимал бос орындарды қосымша
өңдеңіз.
● Көгалды жақсылап суарыңыз.
8.2 Пайдаланушының жұмыс
аймағы
● Электр қозғалтқыш іске
қосылған жағдайда қауіпсіздік
түсінігіне орай, пайдаланушы
əрдайым бас тұтқаның артында
тұруы керек. Жұмыс істеп тұрған
шапқыштан əркез қауіпсіз
қашықтықта тұрыңыз.
● Аэраторға тек бір адам қызмет
көрсете алады, бөгде адамдар
қауіпті аймақтан тыс болуы керек.
(
4.)
8.3 Электр қозғалтқышқа дұрыс
жүктеме түсіру
Электр қозғалтқышты аэратор блогы
тасымалдау күйінде болғанда ғана
қосыңыз.
Аэраторға тек электр қозғалтқыштың
айналу жиілігін қатты
төмендетпейтіндей етіп жүк түсіруге
болады.
Айналу жиілігі төмендеген жағдайда
беріліс жылдамдығын азайтыңыз.
Қажет болса, аэратор блогын
тасымалдау күйіне орнатыңыз,
төменірек кесу тереңдігін таңдаңыз
жəне қопсыту жұмысын
жалғастырыңыз.
8.4 Электр қозғалтқышты қызып
кетуден қорғау құрылғысы
Егер жұмыс барысында электр
қозғалтқышқа шамадан артық жүктеме
түскен болса, кірістірілген қызып
кетуден қорғау құрылғысы электр
қозғалтқышты автоматты түрде өшіріп
қояды.
Қызып кету себептері:
– беріліс жылдамдығы тым жоғары
7
– пышақтар топырақта тым терең
кеседі
– жарамсыз немесе тым ұзын
жалғастырушы шоғырсым – кернеу
төмендеуі (
10.1)
– cалқындатқыш ауа ағынының
бағыттауышын (үрлеп тазарту
қуысын) жеткіліксіз тазалау
Қолданысқа қайта енгізу
Құрылғы 10 минутқа дейін суыған соң
(қоршаған орта температурасына
байланысты), құрылғыны қайтадан
қалыпты іске қосуға болады. (
8.5 Аэратор блогы бұғатталған
жағдайда
Электр қозғалтқышты бірден өшіріңіз
жəне желілік ашаны тартып
шығарыңыз. Содан кейін машинада,
əсіресе аэратор блогында
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз
жəне ақаудың себебін жойыңыз.
10.3)
0478 670 9906 A - KK

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

6290

Table of Contents