Жуғыш Заттар Мен Кірлер; Ағарту Циклы; Кірлерді Дайындау; Арнайы Күтімді Қажет Ететін Киімдер - Hotpoint ECOTL 1051 Instructions For Use Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат тартпасы
KZ
Жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың
дұрыс мөлшеріне де байланысты болады: тым
көп жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде
тиімдірек болмайды және шынында құрылғы ішінде
қалдықтардың түзілуіне және қоршаған ортаны
ластауға әкелуі мүмкін.
1-бөлік: Алдын ала жууға арналған жуғыш зат
2-бөлік: Жуу циклына арналған жуғыш зат (ұнтақ
немесе сұйықтық)
Тиісті мөлшершеу ыдысын қолдана отырып сұйық
жуғыш затты тікелей бөлікке құйған жөн.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
3-бөлікке кондиционерді құйған кезде белгіленген
«max» деңгейінен асып кетпеңіз.
Кондиционер соңғы жуу кезінде құрылғыға автоматты
түрде қосылады. Жуу бағдарламасының соңында,
3-бөлікте біраз су қалады. Бұл тығыздылығы
жоғары кондиционерлерді құрылғыға енгізу үшін
қолданылады, яғни концентрленген кондиционерлерді
сұйылту үшін. 3-бөлікте көп су қалса, демек босату
құралы бітелген. Тазалау нұсқауларын «Күтім
көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауынан
қараңыз.
4-бөлік: Ағартқыш
Ағарту циклы
Ағартуды тек 2, 3, 6 жуу циклдарымен бірге
орындауға болады.
Ағартқышты 4-бөлікке құйыңыз; жуғыш зат пен
кондиционерді тиісті бөліктерге құйыңыз, одан кейін
жоғарыда айтылған жуу циклдарының бірін таңдаңыз.
Бұл опция тек өте қатты кірленген мақта киімдерге
ұсынылады.
44
Жуғыш зат диспенсерін
ашып, жуғыш затты
немесе кондиционерді
төмендегідей құйыңыз.
Кірлерді дайындау
• Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.
• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.
• Келтірілген мәндерден асып кетпеңіз, олар кірлердің
құрғақ кезіндегі салмағын береді:
Төзімді маталар: ең көп 5 кг
Синтетикалық маталар: ең көп 2,5 кг
Нәзік маталар: ең көп 2 кг
Жүн: ең көп 1 кг
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
Арнайы күтімді қажет ететін киімдер
Көйлектер: әртүрлі матадан жасалған және әртүрлі
түсті көйлектерді жуу үшін арнайы 8 жуу циклын
қолданыңыз.
Ол киімдерге барынша күтім көрсетілетінін
қамтамасыз етеді және қыртыстардың пайда болуын
азайтады.
Жібек: жібек киімдерді жуу үшін арнайы 9-жуу циклын
қолданыңыз. Нәзік киімдерді жууға арналған арнайы
жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
Перделер: перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе
тор сөмкеге салыңыз. 9 жуу циклын қолданыңыз.
Жүн: Woolmark компаниясы тарапынан атақты
«Woolmark Platinum Care» аттестаты (М.0508)
берілген жалғыз кір жуғыш машина өндірушісі, яғни
бұл кір жуғыш машинада, тіпті жапсырмасында
«тек қолмен жуу»
жазуы бар жүн киімдерін қоса,
барлық жүн киімдерін жууға болады. Сондықтан 10
жуу циклы жүн киімдерді кір жуғыш машинада жуған
кезде (ең көп 1 кг) еш алаңдамауға мүмкіндік береді
және оңтайлы өнімділікке кепілдік береді.
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, шамадан тыс дірілдеудің
алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін,
барабан жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл
көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер бірнеше
әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы
төмендетілген сығу жылдамдығында айналдырады.
Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу
орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен
теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді
аралас салуды ұсынамыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents