OBI BLG-12/6 Manual page 80

Table of Contents

Advertisement

KAZ
Мазмұны
Жұмыс алдында... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 80
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін . . . . . . . . . . . . . . . 80
Құрылғыға шолу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 82
Пайдалану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 82
Тазалау жəне техникалық қызмет көрсету . 83
Сақтау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 84
Ақаулықтар жəне оларды жою тəсілдері . . 84
Кəдеге жарату . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 84
Техникалық сипаттамалар . . . . . . . . . . . . . . 84
Кепілдік картасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 90
Жұмыс алдында...
Қолдану мақсаты
Құрылғы қайта зарядталатын қорғасын-
қышқылды аккумуляторларын 12 В зарядтауға
арналған. Қызмет көрсетілмейтін қорғасын-
қышқылды аккумуляторларды (MF аккумулятор-
ларын) зарядтауға болады, бірақ зарядтау про-
цесін бақылау керек.
Құрылғыны кернеу мен қуаттың белгіленген
шегінде ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны басқа энергия тарату жүйелеріне
(мысалы. ортақ пайдаланылатын электрмен жаб-
дықтау желілері) жəне энергиямен жабдықтау
жүйелеріне (мысалы, генераторларға) қоспаңыз.
Құрылғы өнеркəсіптік пайдалануға арналмаған.
Жазатайым оқиғадан сақтандыратын жалпы ере-
желерді жəне қауіпсіздік техникасы бойынша
берілген нұсқауларды ұстанған жөн.
Пайдалану бойынша осы нұсқаулықта көрсетілген
əрекетті ғана жүзеге асыру қажет. Кез келген
өзгеше пайдалану тыйым салынған қате қолданыс
болып есептеледі. Өндіруші мұндай қолданыс
нəтижесінен туындаған зақымдар үшін жауапкер-
шілік көтермейді.
Қолданылған белгілер нені білдіреді?
Қауіп туралы ескертулер мен нұсқаулар пайда-
лану бойынша нұсқаулықта анық көрсетілген.
Келесі белгілер пайдаланылады:
ҚАУIП! Өмірге төнетін тікелей қауіп
немесе жарақат алу қаупі! Өлімге
немесе ауыр жарақатқа алып келетін тіке-
лей қауіпті оқиға.
ЕСКЕРТУ! Өмірге төнуі мүмкін қауіп
немесе жарақат алу қаупі! Өлімге
немесе ауыр жарақатқа алып келетін
жалпы қауіпті оқиға.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақат алу қаупі
туындауы мүмкін! Жарақаттарға алып
келуі мүмкін қауіпті оқиға.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының
зақымдалу қаупі бар! Материалдық
шығынға алып келуі мүмкін оқиға.
Нұсқау: Процестерді жақсырақ түсіну
үшін берілген ақпарат.
Бұл белгілер жеке қорғану құралдарының қажет-
тілігін білдіреді:
80
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Пайдалану бойынша түпнұсқа нұсқаулық
Зарядтау құрылғысы
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
• Құралды сенімді пайдалану үшін қолданушы
алғаш қолданар алдында пайдалану жөнінде
осы нұсқаулықты оқып шығуы керек.
• Қауіпсіздік шаралары бойынша барлық нұсқау-
ларды орындаңыз! Егер қауіпсіздік шараларын
сақтау бойынша нұсқауларды ескермесеңіз,
өзіңіз бен басқаларға қауіп төндіресіз.
• Пайдалану бойынша нұсқаулық пен қауіпсіздік
бойынша нұсқауларды болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
• Егер құрылғыны сатсаңыз немесе оны біреуге
берсеңіз, оған міндетті түрде пайдалану бой-
ынша нұсқаулықты қоса беріңіз.
• Аспапты тек ақаусыз күйде қолдану рұқсат
етіледі. Құрылғы немесе оның бір бөлігі бүлін-
ген жағдайда оны қолданыстан шығарып, ұйға-
рымдарға сəйкес кəдеге жарату қажет.
• Аспапты жарылыс қауіпті жағдайдағы жай-
ларда, сонымен қатар, жанғыш сұйықтықтар
мен газдардың жанында қолданбаңыз.
• Өшірілген құрылғыны кездейсоқ қосылудан
бұғаттау қажет.
• Ажыратқышы дұрыс жұмыс істемейтін аспап-
тарды пайдаланбаңыз.
• Құрылғыға балаларды жақындатпаңыз!
Құрылғыны балалардың жəне басқа тұлғалар-
дың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Құрылғыны асыра жүктемеңіз. Құрылғыны тек
тағайындалған мақсатта қолданыңыз.
• Əрқашан қажетті жеке қорғаныс құралдарын
киіп жүріңіз.
• Жұмыс істегенде сақ болу жəне жақсы күйде
болу қажет: Шаршаған, ауырған, алкогольден
немесе есірткіден мастанған күйде, сондай-ақ
дəрі-дəрмектер əсер еткенде Сіз бұйымды
қауіпсіз пайдалана алмайсыз.
• Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шекте-
улі тұлғалар (балаларды қосқанда)/тəжірибесі
жəне/немесе білімі жеткіліксіз адамдар олар-
дың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың қара-
уында болмаған немесе сондай тұлғадан
құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау
алмаған жағдайда құрылғыны пайдаланбауы
тиіс.
• Балаларға аспаппен ойнауға жол бермеңіз.
• Əрдайым қолданыстағы ұлттық жəне халықа-
ралық қауіпсіздік техникасының талаптарын,
сондай-ақ денсаулық сақтау жəне еңбек нор-
маларын орындау қажет.
Электрлік қауіпсіздік
• Аспапты дұрыс қорғалатын байланыспен жаб-
дықталған ашалы розеткаға ғана қосуға рұқсат
етіледі.
• Құралды 30 мА шамасынан аспайтын ток
шыққан кезде жұмыс істеп кететін дифферен-
циалды автомат арқылы қосқан дұрыс.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Related Products for OBI BLG-12/6

Table of Contents