Еденжуу
B4
алғаш рет пайдаланғанда шамадан тыс көп кір
Ескертпе:
жиналып қалмауы үшін, еденді жумас бұрын, кемінде үш
рет шаңсорғышпен тазалау керек.
B4-1 – Су ыдысын шығару
Су ыдысының ысырмасын басыңыз және ыдысты
артқа қарай сырғытыңыз.
B4-2 – Су ыдысын толтыру
Су ыдысын стопперін алыңыз, ыдыстың ішіне су
құйыңыз және мықтап жабыңыз.
Ескертпелер:
• Тот баспауы немесе зақымдалмауы үшін су ыдысына
Roborock еден тазалағыш сұйықтығын ғана құйыңыз.
• Ыстық су құюға болмайды, ол ыдыстың
деформациялануына себеп болады.
B4-3 – Су ыдысын қайта орнату
Сырт еткен дауыс естілгенше, су ыдысын роботқа
қарай сырғытыңыз.
B4-4 – VibraRise швабра шүберегін орнату
Швабра шүберегін сулап, су тамшылап
тұрмайтындай сығыңыз. Оны тіркеме слоты
бойымен астына салыңыз да, орнына нықтап
орнатыңыз.
B4-5 – Швабра бекітпесін орнату
Бекітпені алға қарай су ыдысына дейін
сырғытыңыз. Сырт еткен дыбыс оның орнына
түскенін білдіреді.
B4-6 – Швабра бекітпесін алып тастау
Тазалап болған соң робот док станцияға қайта
оралғанда, екі жағындағы ысырмасын басыңыз
және швабра бекітпесін артқа қарай сырғытып
шығарыңыз.
Ескертпелер:
• Әр пайдаланған соң, VibraRise швабра шүберегін
жуыңыз, қолданылмаған судың ыдысын жүйелі түрде
босатып тұрыңыз.
• Еден жумайтын уақытта швабра бекітпесін алып
тастаңыз. Су ыдысы орнында тұра берсе болады.
ЕСКЕРТУ
B4-7 –
Жарақат алу қаупі бар. VibraRise швабра бекітпесі
мен су ыдысының арасына саусағыңызды
тықпаңыз.
Қолданбаға қосылу
Бұл робот Roborock және Mi Home
қолданбаларымен жұмыс істейді. Қажеттілігіңізге
сай келетінін таңдаңыз.
❶ Қолданбаны жүктеп алу
1-опция: Қолданбаны жүктеп алу және орнату
үшін App Store немесе Google Play дүкенінен
«Roborock» деп іздеңіз немесе QR кодын
сканерлеңіз.
2-опция: Қолданбаны жүктеп алу және орнату
үшін App Store немесе Google Play дүкенінен «Mi
Home» деп іздеңіз немесе QR кодын сканерлеңіз.
23
❷ WiFi желісін бастапқы күйге қайтару
1. Жоғарғы қақпақты ашыңыз және WiFi
индикаторын тауып алыңыз.
2. «Resetting WiFi» (WiFi бастапқы күйге
қайтарылуда) дауыстық ескертпесі шыққанға
дейін,
және
түймелерін басып тұрыңыз.
WiFi индикаторы баяу жыпылықтап тұрғанда,
бастапқы күйге қайтару процесі аяқталғанын
білдіреді. Содан кейін робот қосылымды күтеді.
Ескертпелер:
• Маршрутизатор конфигурациясына байланысты роботқа
қосыла алмасаңыз, құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз
немесе басқа да себептер болса, WiFi желісін бастапқы
күйге қайтарып, роботты жаңа құрылғы ретінде қосыңыз.
• WiFi желісін бастапқы күйге қайтарған соң, робот
өзінің WiFi хотспоты мен камерасын іске қосып, желіні
конфигурациялайды. Камера Roborock қолданбасындағы
QR кодты сканерлеу үшін керек. Камера жинаған ақпарат
құрылғыда да сақталмайды, серверге де жіберілмейді.
Қосылған соң немесе QR коды 5 минуттың ішінде
сканерленбесе, камера автоматты түрде өшіп қалады.
❸ Құрылғы қосу
Roborock қолданбасын ашыңыз, «Search for
device» (Құрылғыны іздеу) түймесін басыңыз
немесе Mi Home қолданбасын ашыңыз, жоғарғы
оң жақ бұрыштағы "+" белгішесін басып,
қолданбадағы нұсқаулар бойынша құрылғыны
қосыңыз.
Ескертпелер:
• Қолданбаның жаңа нұсқаларына байланысты нақты
процесс өзгешеленуі мүмкін. Қолданбада көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
• Тек 2,4 ГГц WiFi желісіне қолдау көрсетіледі.
• Робот желіге 1 сағаттан артық қосыла алмаса, WiFi
автоматты түрде өшіп қалады. Қайта қосқыңыз келсе,
алдымен WiFi желісін бастапқы күйге қайтарыңыз.
Need help?
Do you have a question about the S7 MaxV and is the answer not in the manual?