Bosch Professional GIC 12V-5-27 C Original Instructions Manual page 300

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 24
300 | Қазақ
– Файлдарды Micro-SD картасынан (20) тасымалдау: файлдарды салынған Micro-
SD картасынан (20) USB Type‑C® арқылы тасымалдауға немесе Micro-SD
картасын (20) шығарып, басқа құрылғыны пайдалануға болады.
Micro-SD картасын енгізу
Жоғарғы қаптаманы (16) ашып, Micro-SD картасын (20) дұрыс бағдар бойынша
ұяшыққа (18) тірелгенше салыңыз. Жоғарғы қаптаманы абайлап қайта жабыңыз.
Деректерді USB Type-C® интерфейсі арқылы тасымалдау
Деректерді USB Type-C® арқылы тасымалдау үшін тексеру камерасын қосыңыз.
USB Type-C® ұясының (17) қақпағын ашыңыз. USB Type-C® ұясын USB Type-C®
кабелі (19) арқылы дербес компьютерге жалғаңыз.
Дербес компьютеріңізде файл браузерін ашып, файлдарды тасымалдау үшін диск
жетегін таңдаңыз. Диск жетегінің атауы келесідей:
– тексеру камерасына ешқандай Micro-SD картасы салынбаған болса: Bosch_GIC
– атауы жоқ Micro-SD картасы тексеру камерасына салынған болса: USB диск
жетегінің стандартты атауы
– атауы бар Micro-SD картасы тексеру камерасына салынған болса: Micro-SD
картасының атауы
Сақталған файлдарды тексеру камерасының ішкі жадынан немесе Micro-SD
картасынан көшіруге, дербес компьютеріңізге жылжытуға немесе жоюға болады.
Қажетті әрекетті аяқтағаннан кейін диск жетегін әдеттегідей ажыратыңыз.
Нұсқау: әрдайым алдымен диск жетегін дербес компьютердің операциялық
жүйесінен ажыратыңыз (диск жетегін шығару), әйтпесе тексеру камерасының ішкі
жады зақымдалуы мүмкін.
USB Type-C® кабелін шығарып алыңыз (тексеру камерасы автоматты түрде өшіп
қалады). Шаңнан және шашыранды судан қорғау үшін жоғарғы қаптаманы (16)
жабыңыз.
Нұсқау: тексеру камерасын USB Type-C® интерфейсі арқылы тек дербес
компьютерге жалғаңыз. Басқа құрылғыларға жалғаған жағдайда, тексеру камерасы
зақымдалуы мүмкін.
Нұсқау: USB Type-C® интерфейсі тек деректерді тасымалдау үшін қолданылады,
оның көмегімен аккумуляторларды немесе басқа құрылғыларды зарядтау мүмкін
емес.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Тексерілетін қоршаған ортаны қарап шығып, әсіресе кедергілерге немесе қауіпті
жерлерге назар аударыңыз.
1 609 92A 89L | (17.03.2023)
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

06012414000601241401

Table of Contents