Құрылғыны Қоқысқа Тастау - Toshiba GR-RB449WE-PMJ(06) Owner's Manual

Hide thumbs Also See for GR-RB449WE-PMJ(06):
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
6. Құрылғыны қоқысқа тастау
БӨЛМЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Бұл құрылғы төлқұжат тақтайшасында көрсетілген бөлме температурасында
жұмыс істеуге арналған.
Климат санаты
SN
N
ST
T
1. A++(ең жоғарғы тиімділік) – G (ең төменгі тиімділік) аралығы
2. GR-RB449WE-PM*(**): 24 сағаттық стандартты сынақтың нəтижелері бойынша энергия
шығыны жылына – 248 кВт (0.680 кВт/сағ/24 сағ). Нақты энергия шығыны қолданылған
температура параметрлеріне жəне құрылғының орнына байланысты болады.
GR-RB500WE-PM*(**): 24 сағаттық стандартты сынақтың нəтижелері бойынша энергия
шығыны жылына – 260 кВт (0.712 кВт/сағ/24 сағ). Нақты энергия шығыны қолданылған
температура параметрлеріне жəне құрылғының орнына байланысты болады.
3.
Бұл – шамамен алынған мəн жəне ол қоршаған орта температурасына, тоңазытқыш
жүктемесіне жəне есіктің қаншалықты жиі ашылатынына байланысты өзгеріп отырады.
Кепілдік міндеттемелері
Өндіруші бұл құрылғы үшін 12 айлық кепілдік ұсынады жəне құрылғының
материалы мен жинағында ақау жоқ екеніне, сонымен қатар кепілдік мерзімі
барысында құрылғы еш кедергісіз жұмыс істейтініне кепілдік береді. Кепілдік кезеңі
құрылғыны сатып алған күннен бастап есептеледі жəне ол жаңа өнімдерге ғана
қолданылады.
Кепілдік қызметіне тегін жөндеу жəне ақауы бар бөлшектерді ауыстыру қызметі
кіреді. Бірақ ақауға тұтынушының қатысы болмауы керек, ақауды кепілдік
кезеңінде рұқсат етілген сервистік орталықтар жөндеп береді жəне құрылғы
пайдалану нұсқаулығына сай қолданылған болуы керек.
Бұл құрылғы коммерциялық мақсатта емес, жеке мақсатта пайдалануға арналған.
Пайдаланушы нұсқаулықтағы шарттарды орындаған жағдайда, оның қызметтік
мерзімі – 24 ай.
Бұл құрылғы қоқысқа дұрыс тасталуы керек:
Осы белгі бұл өнімді бүкіл ЕО аумағында басқа тұрмыстық
қалдықтарымен бірге қоқысқа тастауға болмайтындығын
көрсетеді. Қоқысты бақылаусыз тастаудан қоршаған ортаға
немесе адам денсаулығына зиян тигізбеу мақсатында оны қайта
өңдеуге өткізуге жауапкершілікпен қараңыз. Пайдаланылған
құрылғыны қайтару үшін қолжетімді қайтару жəне жинау жүйесін
қолданыңыз немесе өнім сатып алынған сатушыға
хабарласыңыз. Олар бұл құрылғыны экологиялық қауіпсіз
əдіспен қайта өңдеуге жібере алады.
Бөлме температурасы (қаншадан қаншаға дейін)
+10°C – +32°C аралығы
+16°C – +32°C аралығы
+16°C – +38°C аралығы
+16°C – +43°C аралығы
24

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gr-rb500we-pmj(06)

Table of Contents