Hyundai H-HU5-U14E Instruction Manual page 21

Ultrasonic humidifier
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

IM2021
Су болмаған кезде автоматты түрде сөну
Резервуардағы су деңгейі рұқсат етілген ең аз мөлшерден төмендеген кезде құрылғының
ультрадыбыстық мембранасы автоматты түрде өшеді. Құрылғының жұмысын жалғастыру
үшін резервуарды "Резервуарды сумен толтыру" блогына сәйкес сумен толтыру керек,
содан кейін құрылғыны электр желісіне қосу керек.
Түрлі-түсті жарық
Құрылғы жұмыс істеген кезде суы бар резервуардың жарығы жанады, бұл ретте жарықтың
түсі кезек-кезегімен ауысып отырады.
SLEEP режимі
Бұл режимді іске қосу үшін сенсорлық басқару батырмасын 2 секунд басып тұрыңыз.
Басқару панелінің жарығы өшеді.
Құрылғыны өшіру
Құрылғы сенсорлық басқару батырмасын бір рет басу арқылы өшіріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер құралдың жұмысы кезінде құралдың жоғарғы бөлігінде және оның жанындағы заттарда көп
мөлшерде конденсат пайда болса, онда қосу/өшіру және будың шығу қарқындылығы реттегішінің
тұтқасын сағат тіліне қарсы бұрай отырып, будың шығу қарқындылығын азайту қажет.
9.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Аспапты тазалауды бастамас бұрын, ашаның розеткадан ажыратқаныңызға көз
жеткізіңіз. Болмаған жағдайда, бұл электр тоғымен зақымдалуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Тазалауды бастамас бұрын, қолыңызды күйдіріп алмас үшін, аспап ішіндегі судың
толық суығанын күтіңіз.
Аспаптың сыртқы үстіңгі беттерін сүрту үшін ылғалды және жұмсақ матаны
пайдаланыңыз.
Электр тоғымен жарақаттануды болдырмас үшін, құрылғы элементтерін тазалау
кезінде сырмаңыз және зақымдамаңыз.
Аспапты тазалау кезінде еріткішті, бензин, диметилбензол, қатты щетканы, тальк
ұнтағын және судан басқа өзге заттарды пайдаланбаңыз.
Резервуар астындағы аспап іргесінің ішіндегі судың қалдықтарын ылғалды және
жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
Ұсақ бөлшектерден суды сүртіп алу үшін щетканы пайдалануға болады, содан кейін
оларды тағы да жұмсақ шүберекпен сүртіп шығу керек.
Құрылғыны тазалауды аптасына бір немесе бір рет жүргізіңіз.
Мемберанада кір пайда болған кезде, оын қылшақтың көмегімен тазалаңыз.
Бүріккіштің шүмегінің үстіңгі бетіндегі судың қалдықтарын сүрту үшін жұмсақ щетканы
пайдаланыңыз, содан кейін оны тағы да жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Суға арналған резервуар мен бүріккішті таза сумен шайыңыз. Қақпаны ұқыптап және
күш салмай шайыңыз, болмаған жағдайда, бұл қақпа арқылы судың ағып кетуіне әкеп
соғады.
Бүріккіштің үстінен су қалдықтарын сүрткеннен кейін, оны жұмсақ шүберекпен сүртіп
шығыңыз.
Аспаптың сыртын ылғалды және жұмсақ шүберекпен тазалап сүртіп шығыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бүрку деңгейінің төмендеуіне және басқа да ақауларға әкеп соғатын жұмыс істейтін
үстіңгі беттердің деформациялануына және өшірілуіне жол бермес үшін, бүріккіштің
үстіңгі бетін сүрту үшін метал щеткаларды, өткір жүздерді немесе тальк ұнтағын
қолданбаңыз.
Қатты соққы болған жағдайда, суға арналған резервуардан су ағып кетуі мүмкін.
Судың ағып кетуі білінген жағдайда, бірден құрылғының жұмысын тоқтатып, сервистік
орталыққа жүгініңіз.
Аспапты құрғақ күйінде ұстау үшін тазалаудан кейін суды кептіріп сүртіп алыңыз және
міндетті түрде суға арналған резервуар мен құрылғы корпусын кептіріңіз. Суға
арналған резервуардың және құрылғы корпусының ішінде судың қалып қоймағанынан
көз жеткізіңіз.
21

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents