LG OLED77G2RLA Owner's Manual page 31

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
• Басқа көрсетілмеген қабырғалар 70 кг/күштен (686 Н)
асатын жылжымалы жүк салмақтарды және әрбір бекіткіш
бөлшек үшін 100 кг/күштен (980 Н) асатын ығыстырушы
күштерді көтере алуы қажет.
• Бетонға арналған Ø 8 мм бұрғы тескішін және балғалы
(соққылы) бұрғыны немесе тесіктерді бұрғылау үшін ағаш
тіреуге Ø 4 мм бұрғы тескішін қолданыңыз.
Бетон қабырғаға орнату үшін
Қабырғаға бекіту анкері
Қабырғаға бекіту бұрандасы
1 Анкердің орындарындағы саңылауларды Ø 8 мм болатын
бұрғы тескішімен 80 мм мен 100 мм аралығындағы
тереңдікке дейін бұрғылаңыз.
2 Бұрғыланған саңылауларды тазалаңыз.
3 Қабырғалық бекіткішті саңылауларға бекіту үшін, өнімге
қоса берілген анкерлерді салыңыз. (Анкерлерді салу кезінде
балғаны пайдаланыңыз.)
4 Қабырғалық бекіткіштің тіреуішін саңылау орындарына
сәйкес келетіндей етіп қабырғаға қарай жақынырақ итеріңіз.
5 Қабырғалық бекіткішті саңылауларға бекіту үшін
бұрандаларды бұраңыз. Осы уақытта бұрандаларды
45 кгкүш/см мен 60 кгкүш/см аралығындағы айналу сәтіне
дейін бұраңыз.
Ағаш тіреуге орнату үшін
Ағашты 76 мм тереңдікке саңылауларды тесу үшін Ø 4 мм
бұрғы тескішін пайдаланыңыз. (Бұрғыланған саңылауды
тазалаңыз.)
Қабырғаға бекіту анкерін қолданбай, қабырғаға бекіту
бұрандасын тікелей ағаш тіреуге бекітіңіз.
Гипсокартон
76 мм
Ағаш тіреу
Орнатқаннан кейін
• Бүйір жақтарынан қосымша кабельдерді жалғау кезінде,
жалғамас бұрын қабырғамен арадағы қашықтықтың жеткілікті
екеніне көз жеткізу үшін теледидардың ортасын көлденеңінен
немесе тігінен ұстап тұрып, өнімді тартуға кеңес береміз.
• Төменнен қосымша кабельдерді жалғау кезінде, жалғамас
бұрын теледидарды қабырғаға бекіткіштен ажыратып алуға
кеңес береміз.
• Кабельдерді теледидардың астына төменде көрсетілгендей
етіп орналастыру үшін, кабельдерді басқару жүйелерін
пайдаланыңыз. Кабельдерді басқару жүйелері өніммен бірге
берілмейді, сол себепті оларды бөлек сатып алыңыз.
• Өнімді орнатып болғаннан кейін, міндетті түрде оны
қабырғаға бекітілген күйінде пайдаланыңыз.
- Өнімді қабырғаға бекітілмеген кезінде пайдалану өнімге
зақым келтіруі немесе оны шайқалтуы мүмкін.
• Кабель қақпағын ажыратқанда өткір зат пайдаланбаңыз.
Бұл кабельді немесе корпусты зақымдауы мүмкін.
Адам жарақаты орын алуы да мүмкін. (Үлгіге байланысты)
Антенна/Кабель
RF кабелі (75 Ω) арқылы теледидарды қабырғадағы антенна
ұясына жалғаңыз.
• 2-ден көп ТД пайдалану үшін сигнал сплиттерін
пайдаланыңыз.
• Егер бейне сапасы нашар болса, бейне сапасын жақсарту
үшін сигнал күшейткішін тиісті түрде орнатыңыз.
• Егер антенна қосылған күйде бейне сапасы нашар болса,
антеннаның бағытын түзетіңіз.
• Антенна кабелі және конвертер қамтамасыз етілмеген.
• Ultra HD хабар тарату арқылы қолданылмайтын жерде бұл
ТД Ultra HD хабарларын тікелей қабылдай алмайды.
Жерсерік тарелкасы
Теледидарды жерсеріктің ұяшығына жерсерік RF кабелімен
(75 Ω) жалғаңыз. (Үлгіге байланысты)
(Мысалы)
7

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents