LG OLED77G2RLA Owner's Manual page 30

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
• Орнатпас бұрын өнімнің қуат сымын қабырғадағы розеткадан
ажыратыңыз.
Қуат сымы тоққа қосылып тұрған кезде өнімді орнату
электр тоғының соғуына немесе өрттің шығуына әкелуі
мүмкін.
• Өнімді жалаңаш қолдармен орнатпаңыз. Міндетті түрде
жұмыс істеуге арналған қолғаптарды киіп алыңыз.
Жұмыс істеуге арналған қолғаптарсыз орнатуға
әрекеттену дене жарақатына әкелуі мүмкін.
• Өнімді бірге берілген кабельмен жалғаңыз. Рұқсат етілмеген
кабельді пайдалану қабырғамен үйкелудің салдарынан
зақымдалуға әкелуі мүмкін. Міндетті түрде бірге берілген
кабель түрін пайдаланыңыз. (Бұл модельге байланысты
өзгеше болуы мүмкін.)
Орнатар алдында
(OLW480B, LSW440B қоспағанда)
• Өнімді теледидарды қабырғаға орнатудан басқа қандай да
бір мақсатқа пайдаланбаңыз.
• Ұқыпсыз орнатудың немесе жарамсыз не рұқсат етілмеген
қабырғалық бекіткішті пайдаланудың салдарынан
туындайтын жазатайым оқиғалардың және өнімге зақым
келудің алдын алыңыз.
• Қабырғалық бекіткішті дұрыс орнату үшін, орнату жөніндегі
нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.
• Егер орнату процесін толығымен түсіне алмай жатсаңыз,
онда орнатуды дереу тоқтатып, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Егер сұрап шыққаннан кейін де орнатуға қатысты қандай
да бір мәселелер қалып қойса, онда кәсіби орнатушыны
пайдаланыңыз.
• Осы өнімді бетон қабырғаға немесе ағаш тіреуге орнатуға
кеңес беріледі. Осы өнімді басқа беттерге (Құрғақ қабырға,
желімделген фанера, кірпіштер, т.б) орнату ұсынылмайды.
Дұрыс емес орнату өнімнің құлауына әкелуі мүмкін.
• Өнімді тек тік қабырғаға орнатыңыз.
Құрылыс нормаларынан асып кететін көлбеу қабырғаға
немесе қатты еңкейген қабырғаға не төбеге орнатпаңыз.
LG компаниясы өнімді дұрыс емес орнатудың, мысалы,
қатты еңкейген қабырғаларға және төбелерге орнатудың
салдарынан туындаған мәселелер үшін жауапты
болмайды.
• Орнатпас бұрын өнімге қоса берілген аксессуарларды
тексеріп алыңыз. Біз ішкі қаптама ашылғаннан кейін қандай
да бір жоғалған не зақымдалған аксессуарлар үшін жауап
бермейміз.
• Сәби немесе кішкентай бала өнімге қоса берілген
аксессуарларды жұтып қойған кезде, булығып қалу
сияқты әртүрлі жазатайым оқиғалар орын алуы мүмкін.
Өнімге қоса берілген аксессуарларды сәбилер мен
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
6
• Бұрандаларды бұрау кезінде, толықтай бекітілгенше
бұраңыз.
Бұрандаларды бұрау кезінде шамадан тыс күш
қолданбаңыз. Бұлай жасау қабырғаны және өнімді
зақымдауы мүмкін немесе қабырғаның беріктігін не өнімнің
өнімділігін төмендетуі мүмкін.
• Көрсетілген созушы күштен асып кететін теледидарды
орнатпаңыз және өнімге қандай да бір сыртқы күштің
қолданылуына жол бермеңіз.
• Орнату кезінде жұмыс құралдарын абайлап пайдалану
арқылы жазатайым оқиғалардың алдын алыңыз.
Орнатуға арналған құралдар
• «+» пішінді бұрауыш (қол не электрлік) / уровень / бұрғы
/ бетонға арналған Ø 8 мм бұрғы тескіші немесе болатқа
арналған Ø 4 мм бұрғы тескіші
Теледидарды қабырғаға бекіту
(OLW480B, LSW440B қоспағанда)
• Орнатудан кейін теледидарды қабырғаға жақын
пайдаланыңыз.
Анкерлер мен бұрандаларды бекіту жолы
(OLW480B, LSW440B қоспағанда)
Келесілерге көз жеткізіңіз:
• Қабырғаның материалы мен қалыңдығы және әрлеу
материалы орнату жөніндегі нұсқаулықпен сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз. Орнатуды бастамас бұрын,
қабырғаның теледидар салмағын көтере алатынына көз
жеткізіңіз.
• Өнімге қоса берілген анкерлер мен бұрандаларды
жарылмаған бетон қабырғаларда пайдаланған жөн.
• Өнімді ешқашан гипс-қатырмаға немесе қағаздан не
тығыздығы орташа ағаш-талшықты тақтадан (MDF)
жасалған қабырғаға орнатпаңыз. Өнімді осындай
қабырғаға орнату қажет болған кезде, анкерлі бұрандалар
әрлеу материалының ішіндегі тіреулік қабырғаларға (бетон)
немесе ағаш тіреуге бекітілуі керек.
• Қабырғалық бекіткіш тіреуге тіркелуі керек. Бұл әдетте
мәселе туындатпайды, бірақ жеке жағдайларға
байланысты тіреуге бекіту мүмкін емес жағдайлар болуы
мүмкін. Бұл жағдайда әртүрлі гипсокартон анкерлері бар,
мысалы, мәселені шешуді қамтамасыз ететін қайыратын
болттар. Егер гипсокартон анкерлерін қолдансаңыз,
анкерлер мен қабырғаның теледидар салмағын көтере
алатындығына көз жеткізіңіз. Жеткізілген анкерлер
жеке жағдайыңыз үшін қолайлы болмауы мүмкін екенін
ескеріңіз, сондықтан сіз жергілікті маманмен кеңесуіңіз
керек.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents