LG OLED77G2RLA Owner's Manual page 29

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қабырғаға орнату
Теледидардың артындағы қабырғаға бекіту кронштейнін
орнатып, кронштейнді еденге перпендикуляр қабырғаға
орнатыңыз. Теледидарды басқа құрылыс бөліктеріне орнату
үшін, білікті мамандарға хабарласыңыз. LG компаниясы
қабырғаға бекітуді білікті кәсіби орнатушы орындауын
ұсынады. LG компаниясының қабырғаға бекіту кронштейнін
пайдалануды ұсынамыз. LG компаниясының қабырғаға
бекіту кронштейнін жалғанған кабельдермен жылжыту
оңай. LG компаниясының қабырғаға бекіту кронштейнін
пайдаланбағанда құрылғы мен қабырға арасында сыртқы
құрылғыға қосылым үшін жеткілікті орынды қамтамасыз ететін
қабырғаға бекіту кронштейнін пайдаланыңыз. Қабырғаға
бекіту кронштейндерін орнатпастан бұрын барлық кабельдерді
жалғауға кеңес береміз.
• Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын алдымен
жақтауды бекітуіңіз керек.
• Бұрандалар мен қабырғаға бекіту кронштейні туралы
қосымша ақпарат алу үшін "Бөлек сатып алынатын
өнімдер" бөлімін қараңыз.
• Мониторды қабырғаға орнату керек болса, VESA
стандартты орнату интерфейсін (қосымша бөлшектер)
өнімнің артқы жағына бекітіңіз. Қабырғаға орнату
интерфейсін (қосымша бөлшектер) пайдаланып,
теледидарды орнатқанда, түсіп кетпейтіндей мұқият
бекітіңіз.
• Теледидарды қабырғаға орнатқан кезде, теледидардың
артқы жағындағы қуат пен сигнал кабельдерін ілу арқылы
теледидарды орнатпаңыз.
• Май немесе майлы ауа әсер етуі мүмкін болса, бұл өнімді
қабырғаға орнатпаңыз. Бұл өнімді зақымдауы және ол
құлап түсуі мүмкін.
• Толық жанасатын қабырғалық бекіткішті орнату кезінде,
теледидар кейбір қабырға жағдайларына байланысты
қабырғаға қатты тиіп тұрмауы керек.
Қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы сақтық
шаралары
(OLW480B, LSW440B қоспағанда)
• Кәсіби орнатушылар дұрыс орнатуды қамтамасыз ету
мақсатында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығуы тиіс.
• Кәсіби орнатушылар орнатып болғаннан кейін осы
нұсқаулықты тұтынушыларға беріп, оларға оны оқып
шығуына және келешекте анықтама ретінде пайдалану
үшін ыңғайлы орынға сақтап қоюына кеңес беруі тиіс.
Орнату жөніндегі нұсқаулықты оқып шыққаннан кейін, оны
келешекте анықтама ретінде пайдалану үшін ыңғайлы
орынға сақтап қойыңыз.
• Дүкен тағайындаған кәсіби орнатушыдан өнімді орнатып
беруін сұраңыз.
Кәсіби орнатушыдан басқа біреудің орнатуы өте қауіпті
болып табылады және дене жарақатына әкелуі мүмкін.
• Өнімді сол өнімнің салмағын көтере алмайтын орнықсыз
орынға орнатпаңыз.
Егер өнім орнатылатын орынның беріктігі жеткіліксіз
болса, онда өнім құлап, дене жарақатына әкелуі мүмкін.
• Орнатқаннан кейін өнімді жылжытар не ауыстырар алдында
дүкен тағайындаған кәсіби орнатушыға хабарласыңыз.
Орнату техникалық тапсырма болып табылады, сол
себепті, егер адам жеке өзі өнімді орнатуға не жылжытуға
әрекет жасаса, қауіпсіздік мәселелері туындауы мүмкін.
• Өнімді іліп қоймаңыз немесе орнатқаннан кейін оған қатты
ықпал жасамаңыз.
Бұлай жасау өнімнің құлап, денені жарақаттауына әкелуі
мүмкін.
• Өнімді қабырғаға орнату кезінде электр желісін немесе
сигнал беру кабельдерін теледидардың артқы жағынан іліп
қоймаңыз.
Бұл сымдарды зақымдап, өрттің шығуына, электр
тоғының соғуына немесе өнімнің істен шығуына әкелуі
мүмкін.
• Өнімді орнату кезінде міндетті түрде жұмыс істеуге арналған
қолғаптарды киіп алыңыз.
- Қорғалмаған қолдармен орнату дене жарақатына әкелуі
мүмкін.
• Өнімді орнату жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларға
сәйкес орнатыңыз.
Өнімді орнату жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген
нұсқауларға сәйкес орнатпау ауыр дене жарақатына
немесе өнімнің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Өнімді орнату немесе өнімнің биіктігін реттеу кезінде міндетті
түрде кем дегенде екі адам болуы қажет.
Жеке өзіңіз орнатуды не реттеулерді орындауға әрекет
жасау дене жарақатына әкелуі немесе өнімге зақым
келтіруі мүмкін.
• Орнатуды бастамас бұрын қабырғаның жарамды екеніне
көз жеткізіңіз. Өніммен бірге берілген анкерлер мен
бұрандаларды пайдаланыңыз.
Кез келген рұқсат етілмеген анкерлерді не бұрандаларды
пайдалану өнімнің салмағын ұстап тұра алмауы мүмкін,
ал бұл қауіпсіздік қауіптерін туындатады.
• Орнату үшін қабырғаны бұрғылау кезінде, міндетті түрде
көрсетілген диаметрдегі бұрғы тескіштерін және бұрғыларды
пайдаланыңыз. Саңылаудың тереңдігін нұсқауларға сай
орындаңыз.
Өнімді орнату жөніндегі нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқа жолдармен орнату және бұрғылау орнықсыз
орнатуға және ықтимал қауіпсіздік мәселелеріне әкелуі
мүмкін.
• Өнімді дымқыл орамалмен сүртпеңіз немесе өнім
орнатылған орынның астында ешқандай жылытқыш
жабдықты не ылғалдағышты пайдаланбаңыз.
Сұйық су не бу өнімнің ішіне кіріп кетуі мүмкін және
шамадан тыс ыстық өрттің шығуына, электр тоғының
соғуына не өнімнің істен шығуына әкелуі мүмкін.
• Өнімді өрт спринклерінің не детекторының жанына, діріл не
соққы пайда болуы мүмкін орынның немесе жоғары кернеулі
сымның не қуат көзінің жанына орнатпаңыз.
5

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents