Philips HR3770 User Manual page 7

Hide thumbs Also See for HR3770:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
1
Маңызды
Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Абайлаңыз
Пайдалану алдында «Тазалау» бөліміндегі
тазалау процедурасын оқыңыз.
Құрал қуат көзіне қосылып тұрған кезде
пышақтардың өткір жүзін ұстамаңыз. Пышақ
кептеліп қалған жағдайда, пышаққа тұрып
қалған ингредиенттерді алмас бұрын құралды
розеткадан ажыратыңыз. Өткір кесетін
пышақтарды ұстағанда, блендер құмырасын
босатқанда және тазалау барысында абай
болыңыз.
Мына әрекеттерді орындамас бұрын, құралды
өшіріп, ток көзінен ажыратыңыз:
оны тұғырдан алғанда, қосалқы құралдарды
өзгерткенде немесе пайдаланғанда
қозғалатын бөліктерді ұстағанда;
оны жинағанда, бөлшектегенде немесе
тазалағанда;
қадағалаусыз қалғанда.
Құралды тазалау
Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтыққа
батырмаңыз.
Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген
кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
Қуат сымы, ашасы, қорғаныш қақпағы,
айналмалы сүзгісі немесе кез келген басқа
бөліктері зақымдалған болса немесе оларда
көрінетін сызаттар болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Қуат сымы зақымданған
болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны
тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған
қызмет орталығында немесе білікті мамандар
ауыстыруы керек.
Құралды қолданар алдында қақпақтың блендер
құмырасына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
Бұл құралды балаларға пайдалануға болмайды.
Құралды және оның сымын балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құралды қауіпсіз пайдалану жөніндегі
нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған
және құралды пайдалануға қатысты қауіп-
қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды
физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті
шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар
пайдалана алады.
Балаларды бақылап, олардың құралмен
ойнамауын қадағалаңыз.
Блендерге ыстық сұйықтық құйылса, абай
болыңыз, себебі буға байланысты ол
құрылғыдан сыртқа шығуы мүмкін.
Токқа қосылып тұрғанда ешқашан блендер
құмырасын немесе стақанды мотор бөлігіне
жинамаңыз немесе бөлшектемеңіз.
Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған.
Блендерді ішінде ешбір затсыз 30 секундтан
аса пайдаланбаңыз. Бұл қызып кетуіне әкелуі
мүмкін.
Құралдың қадағалаусыз істеп тұруына жол
бермеңіз.
Ескерту
Жылуды қосу/өшіру түймесін байқаусызда
бастапқы қалпына келтіру нәтижесінде орын
алатын қауіпті жағдайды болдырмау үшін, бұл
құралға таймер сияқты сырттай қосылатын
құрал жалғанбауы керек және оны өшіріліп-
қосылатын электр желісіне жалғамаған жөн.
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips
компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы
құралдар мен бөлшектерді пайдаланбаңыз.
Ондай қосалқы құралдар мен бөлшектерді
пайдалансаңыз, кепілдік өз күшін жояды.
Блендер құмырасындағы ең жоғарғы
сыйымдылық көрсеткішінен асырмаңыз
(араластырғанда: 1,8 л/шырын сыққанда:
800 мл).
Блендерді ингредиенттермен толтырған кезде,
кестеде көрсетілген нормадан аспау керек,
сондай-ақ дайындау уақытын да сақтау қажет.
Тамақ блендер құмырасының қабырғасына
жабысып қалса, құралды өшіріп, розеткадан
ажыратыңыз. Жабысып қалған азықты
күрекшемен алып тастаңыз.
Блендер құмырасына 80˚C-тан ыстық
ингредиенттер салмаңыз.
Шу деңгейі: Lc = 88 дБ(А).
Блендер
Абайлаңыз
Құрал жұмыс жасап тұрғанда, банкіге
саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салуға
болмайды.
Ескерту
Ағып кетудің алдын алу үшін, блендер
ыдысының максималды сыйымдылығынан көп
сұйықтық құймаңыз. Ыстық сұйықтықты немесе
көпіруі мүмкін ингредиенттерді пайдаланған
кезде блендер құмырасына 1,8 литрден артық
сұйықтық құймаңыз.
Құралды 3 минуттан артық үздіксіз жұмыс
жасатпаңыз. Шайқауды жалғастырар алдында
құрылғыны бөлме температурасына дейін
суытып алыңыз.
Құралды қосар алдында ыдыс қақпағы дұрыс
жиналғандығын және қақпаққа өлшеу қасығы
дұрыс салынғандығын тексеріп алыңыз.
Құмыраны ыдыс жуғыш машинадан немесе
тоңазытқыштан шығарғаннан кейін бірден
пайдаланбаңыз. Пайдаланбастан бұрын оны
бөлме температурасында кемінде 5 минут
қойыңыз.
KK
11

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents