Makita AC001G Instruction Manual page 283

Cordless air compressor
Hide thumbs Also See for AC001G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛІ
Қосу/автоматты өшіру ауыстырғышын міндетті
түрде өшіріп, аккумулятор картриджін шығарып
алыңыз. Осыдан кейін, кез келген техникалық
күтім немесе жөндеу жұмысын бастамай тұрып,
баллондағы және кез келген қондырмалардағы
ауа қысымын шығарыңыз.
Компрессордың қалқандары немесе қақпақтары
зақымдалған немесе шешілген болса,
компрессорды мүлде пайдалануға болмайды.
Шашты, киімді және қолғапты қозғалмалы
бөлшектерге жақындатуға болмайды. Кең
киім, әшекей бұйымдар немесе ұзын шаш
қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
Ауа тесіктерін де қозғалмалы бөлшектер жауып
қалуы мүмкін және олардан аулақ болу керек.
ЕСКЕРТУ:
Күйіп қалу қаупі
Есіктер немесе қоршаулар ашық тұрғанда,
тасымалы компрессорды пайдалануға болмайды!
Ауа шлангі тағылмай тұрып, кранды
ашпаңыз!
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
Компрессор басы немесе шығыс түтіктер сияқты
ыстық бөлшектерге тиіп кетсеңіз, теріңіз қатты күйіп
қалуы мүмкін.
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛІ
Компрессор істеп тұрғанда немесе істеп болған
бойда ыстық компоненттерін бірден ұстауға
болмайды. Компрессор суығанша, қорғайтын
қаптамаларының артына қол сұқпаңыз немесе
техникалық күтім жасамаңыз.
Компрессорды міндетті түрде тұтқасынан ұстап
жылжытыңыз немесе тасымалдаңыз.
Компрессорды пайдаланған кезде және
пайдаланған соң бір сағат бойы, цилиндр,
цилиндр басы және ауа шығатын түтік сияқты
қызып тұрған бөлшектерді ұстауға болмайды.
Бұл бөлшектер қызып, күйдіруі мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Тасымалдау
Компрессорды міндетті түрде тұтқадан
ұстап пайдаланыңыз, көтеріңіз,
жылжытыңыз немесе тасымалдаңыз. Ауа
компрессорын шлангісінен тартуға немесе
тасымалдауға болмайды. Одан компрессор
және/немесе шланг зақымдалуы мүмкін.
Компрессорды әрдайым дұрыс тасыңыз.
Қате тасымалданған және көтерілген
компрессор зақымдалуы мүмкін.
Тарту күші кезіндегі максималды қиғаштық
кемінде 30° болуы тиіс.
Көлікпен тартуға болмайды.
Компрессорды тұтанғыш, жарылғыш
немесе эрозиялық жұмыс түрлеріне
пайдалануға болмайды.
Абайсызда іске қосылудың алдын алу
тәсілі:
компрессорды ұзақ жерге тасуға
болмайды;
ауа баллоны сығылған ауаға толып
тұрғанда, компрессорды тасуға
болмайды;
көлік, саты немесе құрылыс сатысы
сияқты қауіпті жағдайлардың алдын
алыңыз.
Электрлік қауіпсіздік және
аккумулятор қауіпсіздігі
1.
Қауіпті ортада жұмыс істемеңіз. Құралды
дымқыл немесе ылғалды жерлерде
пайдаланбаңыз немесе жаңбырда
қалдырмаңыз. Құралға су кірсе, ток соғу қаупі
артады.
2.
Абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз.
Құралды аккумулятор блогына жалғау,
құралды көтеру немесе тасу алдында,
ауыстырғышы өшірулі күйге қойылғанына
көз жеткізіңіз. Құрылғыны тасығанда саусақ
ауыстырғышта тұрса немесе ауыстырғышы
қосылып тұрған құрылғы қуат көзіне қосылса,
жазатайым оқиға орын алады.
3.
Кез келген түзетулер жасау, керек-жарақты
ауыстыру немесе құрылғыны сақтау
алдында, аккумулятор блогын құрылғыдан
ажыратыңыз. Осындай алдын алу шаралары
құрылғының абайсызда іске қосылу қаупін
азайтады.
4.
Өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен ғана зарядтау керек. Бір
аккумулятор блогына сәйкес келетін зарядтау
құрылғысын басқа аккумулятор блогына
пайдалану салдарынан өрт шығуы мүмкін.
5.
Құрылғыларды тек көрсетілген аккумулятор
блоктарымен пайдаланыңыз. Кез келген
басқа аккумулятор блогын пайдалану
салдарынан жарақат алуыңыз және өрт шығуы
мүмкін.
6.
Пайдаланылмаған аккумулятор блогына
қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, винттер сияқты металл заттар
мен екі клемманың арасын қоса алатын
басқа шағын металл заттарды жақындатуға
болмайды. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы салдарынан күйіп қалуыңыз
немесе өрт шығуы мүмкін.
7.
Мақсатына сай пайдаланылмаған кезде,
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін.
Оны ұстауға болмайды. Байқаусызда ұстап
қойсаңыз, сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге кіріп кетсе, дәрігерге қаралыңыз.
Аккумулятордан шыққан сұйықтық салдарынан
тері тітіркенуі немесе күйіп қалуыңыз мүмкін.
8.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын немесе құрылғыны
пайдалануға болмайды. Зақымдалған
немесе өзгертілген аккумуляторлар болжап
білуге болмайтындай әрекет етіп, өрт
шығаруы, жарылуы немесе жарақаттауы
мүмкін.
283 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents