Bosch GCM 216 Original Instructions Manual page 211

Hide thumbs Also See for GCM 216:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 19
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (B1−B2 суретін қараңыз)
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (19)
пайдаланылады.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде монтаждау
Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын
биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте
бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын
дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
u
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
u
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Bosch Power Tools
Өзіндік сору (C суретін қараңыз)
Жоңқаны ұстап алу үшін жинақтағы шаң жинағыш қапты
(1) пайдаланыңыз.
– Шаң жинағыш қапты (1) жоңқаны шығаруға арналған
келте құбырға (31) салыңыз.
Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы
бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.
Шаң жинағыш қапты әр пайдаланғаннан кейін
u
тексеріп тазалаңыз.
Өрт қаупінің алдын алу үшін алюминийді аралау
u
кезінде шаң жинағыш қапты алып тастаңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаң сору үшін жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (31) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 36 мм) де
жалғауға болады.
– Шаңсорғыш шлангісін жоңқаны шығаруға арналған
келте құбырға (31) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ара дискісін алмастыру (D1−D3 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (9) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Ішкі алты қырлы бұранданы (39) алты қырлы дөңбек
кілтпен (6 мм) (32) бұрап, дәл сол мезетте шпиндель
бекіткішін (28) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (28) басып тұрып, ішкі алты
қырлы бұранданы (39) сағат тілінің бағытымен бұрап
шығарыңыз (сол жақ ойма!).
– Қысқыш фланецті (40) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (41) шығарыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу төмен қарай
қайта апарыңыз.
Қазақ | 211
1 609 92A 6DZ | (15.03.2021)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents