Bosch GBM 13-2 RE Original Instructions Manual page 122

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
OBJ_BUCH-2291-005.book Page 122 Tuesday, April 17, 2018 3:39 PM
122 | Қaзақша
Тез қысатын бұрғылау патроны 1 гильзасын 3 ұстап алғы
гильзаны 2  бағытында сартылдаған дыбыс есітілмей
қалғанша қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны автоматты
түрде бекітіледі.
Бұғаттау алдыңғы гильзаны 2 қарама-қарсы бағытта
айналдырғанда алынады.
Тісті тәждік бұрғылау патроны (C суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғылау патронын 13 аспап орнатылғаныша
бұраңыз. Аспапты орнатыңыз.
Бұрғылау патроны кілтін 12 тісті тәждік бұрғылау
патронының 13 тиісті ойықтарына орнатып аспапты
бекітіңіз.
Жылдам қысу бұрғы патроны сақтағыш сақинамен (D
суретін қараңыз)
– Сақтандырғыш сақинаны 19 „UNLOCK" бағытында
бұраңыз.
– Қысу төлкесін 18 сағат тілімен алмалы-салмалы аспап
орнатылатын болғанша бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты толық орнатып оны аспап
патронында ұстап қысатын төлкені 18 сағат тіліне қарсы
қолмен қатты бұраңыз.
Ұстағыш сақинаны 20 қатты ұстаңыз.
– Сақтандырғыш сақинаны 19 „LOCK" бағытында
бұраңыз.
Ескертпе: Кіші бұрғыларды орнатуда аспап патронын
алдымен шамалық бұрғы диаметріне реттеңіз. Әйтпесе
бұрғы ортаға дәлденбей орнатылуы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
– Сақтандырғыш сақинаны 19 „UNLOCK" бағытында
бұраңыз.
– Қысу төлкесін 18 сағат тілімен алмалы-салмалы аспап
алынатын болғанша бұраңыз.
Бұрап бекіту құралдары (E суретін қараңыз)
Қондырма биталарды 14 пайдаланғанда әрқашан әмбебап
ұстағышты 15 пайдаланыңыз. Тек шуруп басына
жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бекіту бұрандасын алып қою
Жылдам қысу бұрғы патроны 1 немесе тісті тәждік
бұрғылау патроны 13 бұрғылау шпинделінен кездейсоқ
босап кетпеуі үшін бекіту бұрандасымен 16 бекітілген.
Жылдам қысу бұрғы патронын 1 немесе тісті тәждік бұрғы
патронын 13 толық ашып бекіту бұрандасын 16 сағат
тілімен бұрап шығарыңыз. Бекіту бұрандасында сол
бағыттық ойма болатынына назар аударыңыз.
Егер бекіту бұрандасы 17 жылжымаса бұрауышты
бұранда басына орнатып бекіту бұрандасын бұрауыш
тұтқасына қағып босатыңыз.
Тісті тәждік бұрғы патронын шешу (F суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғы патронын 13 шешу үшін айыр тәрізді
кілтті 17 (кілт ені 17 мм) жүріс винтінің кілттік аймағына
орнатыңыз.
1 609 92A 4SD | (17.4.18)
Электр құралын тұрақты негізге, мысалы верстакқа
қойыңыз. Бұрғы патронының кілтін 12 тісті тәждік бұрғы
патронының 13 үш тесігінің біріне салып, тісті тәждік
бұрғы патронын 13 тұтқамен сағат тіліне қарсы бұрап
босатыңыз. Қатты орнатылған тісті тәждік бұрғы патронын
бұрғы патроны кілтіне 12 жай қағып босатуға болады.
Бұрғы патронының кілтін 12 тісті тәждік бұрғы патронынан
шығарып, тісті тәждік бұрғы патронын толық бұрап
шығарыңыз.
Жылдам қысу бұрғы патроны/Жылдам қысу бұрғы
патроны сақтағыш сақинамен
Жылдам қысу бұрғы патронын 1 және сақтағыш
сақиналық жылдам қысу бұрғы патронын шешу үшін ішкі
алты қырлы дөңбек кілтті жылдам қысу бұрғы патронына
салып, айыр тәрізді кілтті 17 (SW 17) жүріс винтінің кілттік
аймағына қойыңыз. Электр құралын тұрақты негізге,
мысалы верстакқа қойыңыз. Айыр тәрізді кілтті 17 қатты
ұстап, жылдам қысу бұрғы патронын ішкі алты қырлы кілтті
сағат тіліне қарсы бұрап босатыңыз. Бекем тұрған тез
қысатын бұрғылау патронын ішкі алты қырлы кілтті ұзын
тұтқасына жай қағып босатуға болады. Алты қырлы
дөңгелек кілтті тез қысатын бұрғылау патронынан
шығарып, тез қысатын бұрғылау патронын толық бұрап
шығарыңыз.
Бұрғы патронын орнату
Жылдам қысу бұрғы патронын/сақтағыш сақиналық
жылдам қысу бұрғы патронын/тісті тәждік бұрғы патронын
орнату кері әдіспенорындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 50–55 Нм бекіту
моментімен бекемдеуге болады.
Жылдам қысу/тісті тәждік бұрғы патронында:
Бекіту бұрандасын 16 сағат тіліне қарсы ашылған жылдам
қысу/тісті тәждік бұрғы патронына бұрап кіргізіңіз.
Әрдайым жаңа бекіту бұрандасын пайдаланыңыз, өйткені
оларда бірнеше рет пайдаланудан соң жойылатын бекіту
желімі бар.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents