Сақтық Шаралары - Hyundai H-FH2-F10MC Instruction Manual

Electric fan heater
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

IM2021
Құрметті, сатып алушы!
Сізге сәтті таңдауыңыз және ультрадыбыстық ауа ылғалдағышын сатып алғаныңыз үшін
алғыс білдіреміз! Ол сіздерге ұзақ мерзім қызмет көрсететіні анық.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
1.
Аспапты пайдаланбас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шышғуға
кеңес береміз. Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта Сіздің қауіпсіздігіңізге байланысты
маңызды ақпарат, сондай-ақ аспапты дұрыс пайдалану және оған күтім жасауға қатысты
ұсыныстар қамтылған. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, кепілдік талоны, кассалық чекті,
мүмкіндігінше, картон қорап пен қаптама материалын бірге сақтап қойыңыз. Осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта құрылғының осы типтегі әр түрлері сипатталады. Сіз
сатып алған аспап нұсқаулықта сипатталған үлгіден біршама ерекшеленуі мүмкін, алайда
бұл қолдану мен пайдалану тәсілдеріне ықпал етпейді. Өндіруші қосымша хабарламасыз,
оның қауіпсіздігіне, жұмысқа қабілеттілігі мен функционалдылығына түбегейлі әсер
етпейтін бұйымның құрылысына шамалы өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Осы
нұсқаулықтың мәтінінде және цифрлық шартты белгілерінде қате басылып кету болуы
мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Осы нұсқаулықта берілген маңызды сақтық шаралары мен нұсқаулар кездесуі мүмкін
барлық ықтималды режимдер мен жағдайларды қамтиы алмайды. Дайындаушы
тасымалдау, кезінде, дұрыс орнатпау нәтижесінде, кернеудің ауытқуы нәтижесінде аспап
немесе оның қандай да бір бөлшегі зақымдалған жағдайда, сондай-ақ аспаптың қандай да
бір бөлігі өзгертілген немесе түрлендірілген болса, жауапты болмайды.
ЕСКЕРТУ
Бұйымда затбелгі бар, онда барлық қажетті техникалық деректер және аспап туралы өзге
де пайдалы ақпарат берілген. Аспапты тек осы нұсқаулықта көрсетілген мақсаты бойыша
пайдаланыңыз.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
2.
Құралды пайдалану алдында бұзылудан сақтану үшін осы нұсқауды ықыласпен оқып
шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде сақтаңыз.
Бұйымды дұрыс қолданбау оның бұзылыуна әкелуі және сізге зиян келтіруі мүмкін.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық сипаттамасының жапсырмадағы,
электр жүйесінде көрсетілген параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Құрал
өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
Жайдан тыс қолданылмайды.
Жабдықты тазалаудың алдында немесе Сіз оны қолданбасаңыз электр жүйесінен
әрқашан сөндіріп тастаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр
жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз және сервис орталығына тексертіңіз.
Құрылғыны ванна, душ немесе жүзу бассейніне тікелей жақын жерде пайдалануға
болмайды.
Жылу қайнарлары жақын маңда құралды жайғастырмаңыз.
17

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents