Makita DUC302RF2 Instruction Manual page 42

Cordless chain saw
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

12. Реттегіш дискіні бұрап, шынжыр керілісін
реттеңіз.
13. Тісті атанақ қақпағын бекіту үшін иінтіректі
сағат тілімен бұраңыз.
► Сурет15: 1. Тісті барабан қақпағы 2. Тетік
14. Иінтіректі бастапқы орнына басып қайтарыңыз.
Ара шынжырының керілісін
реттеу
Ара шынжыры бірнеше сағат пайдаланғаннан
кейін босап кетуі мүмкін. Пайдаланбас бұрын ара
шынжырының керілісін арасында тексеріп тұрыңыз.
1.
Иінтіректі сырт еткенше басып, толығымен
ашыңыз. Тісті атанақ қақпағын шамалы босату
үшін оны сағат тіліне қарсы шамалы бұраңыз.
► Сурет16: 1. Тісті барабан қақпағы 2. Тетік
2.
Бағыттауыш білік ұшын шамалы көтеріңіз.
► Сурет17: 1. Босату 2. Бекіту 3. Реттегіш дөңгелек
4. Бағыттауыш білік 5. Ара шынжыры
3.
Ара шынжыры керілісін реттеу үшін реттегіш
дискіні бұраңыз. Бағыттауыш біліктің шинасына
ара жүзінің төменгі жағы орнатылғанша, ара
жүзін қатайтыңыз (суреттегі шеңберді қараңыз).
4.
Шынжырдың керілісін реттеген соң,
бағыттауыш білікті шамалы ұстап, тісті атанақ
қақпағын бекітіңіз. Шынжырлы араның төменгі
жағы бос емес екеніне көз жеткізіңіз.
5.
Иінтіректі бастапқы орнына басып қайтарыңыз.
► Сурет18: 1. Тісті барабан қақпағы 2. Тетік
Шынжырлы ара біліктің төменгі жағына қарсы
бекітілгенін тексеріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Ара шынжырын өте қатты бекітпеңіз.
Шынжырлы араның тым қатты керілісі оның
үзілуіне, бағыттауыш біліктің тозуына және
реттегіш дисктің үзілуіне себеп болуы мүмкін.
Тым бос шынжыр біліктен шығып кетіп,
апаттық жағдай тудыруы мүмкін.
ара шынжырын орнату немесе алып тастау
процедурасын жоңқа секілді заттардан таза
жерде орындаңыз.
Тісті бампер (қосымша
керек-жарақ)
► Сурет19
Тісті бамперді орнату үшін, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1.
Тісті атанақ қақпағын, ара шынжырын
және бағыттауыш білікті осы нұсқаулықта
сипатталғандай алыңыз.
2.
Тісті бамперді тістерін жоғары қаратып
орналастырыңыз, сонда оның саңылаулары
шынжырлы арада берілген саңылаулармен
тураланады.
3.
Тісті бамперді екі берілген бұрандамен
бекітіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
әйтпесе құралдың қызып кетуі немесе зақымдалуы
мүмкін.
Майлау
► Сурет20: 1. Май шанының қақпағы 2. Майды
тексеру терезесі (ыдысты маймен
толтыруға арналған) 3. Майды тексеру
терезесі
Құралды пайдаланған кезде, ара шынжыры
автоматты түрде майланады.
Май шанындағы майдың мөлшерін майды тексеру
терезесі арқылы тексеріңіз.
Ыдысты толтыру үшін май ыдысы саңылауының
қақпағын шешіңіз.
Ыдысты толтырған соң, шынжырлы арада берілген
май ыдысының қақпағын үнемі бұраңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Шынжырлы араны шынжыр майымен ең алғаш
толтырғанда немесе толығымен босағаннан кейін
оны қайта толтырған кезде, майды толтырғыш
мойнының төменгі жиегіне дейін құйыңыз.
Әйтпесе майдың жеткізілуі нашарлауы мүмкін.
Ара шынжырының майы ретінде Makita
шынжырлы араларына арналған майды немесе
нарықта қолжетімді майды ғана пайдаланыңыз.
Ешқашан шаң және бөлшектер немесе эфир
майы қосылған майды пайдаланбаңыз.
Ағаштарды кескен кезде, өсімдік майын
пайдаланыңыз. Мұнайдан алынған май
ағашқа зиян келтіруі мүмкін.
Ағаштарды кескен кезде шынжырлы араға
ешқашан күш түсірмеңіз.
Кесу алдында берілген май шанының қақпағы
орнына бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
► Сурет21
Шынжырлы араны ағаштан алшақ ұстаңыз. Құралды
іске қосыңыз және ара шынжырының майлануы
жеткілікті болғанша күтіңіз.
Тісті бамперді қоспай тұрып, оның корпусын бұтақпен
жанастырыңыз. Әйтпесе бағыттауыш білік теңселіп,
оператордың жарақат алуына себеп болуы мүмкін.
Кесілетін ағашты төмен жылжытып-ақ аралаңыз.
ШЫНЖЫРЛЫ АРАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Ағаштарды кесу
► Сурет22: 1. Тісті бампер
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде,
денеңіздің кез келген бөлігін ара жүзінен
алшақ ұстаңыз.
Қозғалтқыш іске қосылған кезде, шынжырлы
араны екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз.
Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым тұрақты
және тепе-теңдік сақтайтын күйде болыңыз.
42 ҚАЗАҚША
Желдеткіштерді жаппаңыз,

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Duc302Duc252

Table of Contents