Makita DUC302RF2 Instruction Manual page 36

Cordless chain saw
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

4.
Қауіпсіздік көзілдірігін және құлаққа
арналған қорғаныш құралын тағыңыз.
Басқа, қолға, аяққа және табанға арналған
қосымша қорғаныс құралдарын қолдану
ұсынылады. Тиісті қорғаныс киімі ұшатын
сынықтардан жарақат алу немесе ара жүзіне
кенет тиіп кету қаупін азайтады.
5.
Әрдайым тұрақты күйде тұрыңыз. Тайғақ
немесе тұрақсыз беттер шынжырлы араны
басқаруды немесе теңгерімді жоғалтуға себеп
болуы мүмкін.
6.
Керіліп тұрған бұтаны кескен кезде,
оның кері серпілуінен сақ болыңыз. Ағаш
талшықтарындағы керіліс босап шыққан кезде,
серіппелі бұтасы операторға тиіп кетуі және/
немесе шынжырлы араны басқара алмай
қалуыңыз мүмкін.
7.
Ағаш бұталары мен жас ағаштарды кескен
кезде аса мұқият болыңыз. Жіңішке материал
ара шынжырын іліп кетуі және сізге тиіп кетуі
немесе тепе-теңдікті жоғалтуға әкелуі мүмкін.
8.
Шынжырлы араның алдыңғы тұтқасынан
өшірулі күйде және денеңізден алшақ
ұстап тасымалдаңыз. Шынжырлы араны
тасымалдаған немесе сақтаған кезде,
әрдайым бағыттауыш білік қақпағын
орнатыңыз. Шынжырлы араны дұрыс қолдану
қозғалмалы ара жүзіне кездейсоқ тиіп кету
ықтималдығын азайтады.
Керек-жарақтарды майлау, ауыстыру және
9.
шынжырды керу нұсқауларын орындаңыз.
Тиісті түрде керілмеген немесе майланбаған
шынжыр сынып кетуі немесе кері соққы қаупін
арттыруы мүмкін.
10. Тұтқаларды құрғақ, таза ұстаңыз және
майлы, шырышты болмауын қадағалаңыз.
Лас, майлы тұтқалар тайғақ болатындықтан,
құралды басқара алмай қалуыңыз мүмкін.
11.
Тек ағашты кесіңіз. Шынжырлы араны басқа
мақсаттар үшін пайдалануға болмайды.
Мысалы: пластик, тас немесе ағаштан
жасалмаған құрылыс материалдарын кесу үшін
шынжырлы араны пайдалануға болмайды.
Шынжырлы араны басқа мақсатта пайдаланған
кезде, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
12. Кері соққының себептері мен оны
оператордың алдын алуы:
Бағыттауыш біліктің тұмсығы немесе ұшы
нысанға тигенде немесе ағаш кесіндісінде ара
шынжыры қысылып қалған кезде кері соққы
орын алуы мүмкін.
Құрал ұшының нысанға тиіп кетуінен кейбір жағдайда
бағыттауыш білік жоғары қарай және оператордың
тұсына қарай кенеттен кері бағытталады.
Бағыттауыш біліктің үстіңгі жағының бойымен
ара шынжыры қысылып қалған жағдайда,
бағыттауыш білікті операторға қарай жылдам
итеруі мүмкін.
Осы реакциялардың кез келгені араны
басқаруды жоғалтуға, ал ол ауыр жарақат
алуға әкелуі мүмкін. Араңызда орнатылған
қауіпсіздік құрылғыларына ғана сүйенбеңіз.
Шынжырлы араның пайдаланушысы ретінде,
жұмыс аймағыңызды жазатайым оқиғадан
немесе жарақат алудан сақтау үшін, бірнеше
қадамдарды орындауыңыз керек.
Кері соққы құралды дұрыс пайдаланбаудың
және/немесе қате жұмыс процедураларының
нәтижесінде пайда болады және төменде
көрсетілген сақтық шараларын ұстану арқылы
оның алдын алуға болады:
Шынжырлы ара тұтқаларын екі
қолыңызбен мықтап ұстаңыз. Қолыңыз
бен денеңіз кері соққы күштеріне қарсы
тұра алатындай күйде тұрыңыз. Егер
сақтық шаралары тиісті түрде сақталатын
болса, оператор кері соққы күштерін
басқара алады. Шынжырлы араны түсіріп
алмаңыз.
► Сурет1
Тым артық күш салмаңыз және иықтан
жоғары деңгейде кеспеңіз. Бұл ұшының
байқаусызда тиіп кетуінің алдын алуға
көмектеседі және күтпеген жағдайларда
шынжырлы араны жақсырақ басқаруға
мүмкіндік береді.
Тек өндіруші көрсеткен қосалқы
біліктер мен шынжырларды
пайдаланыңыз. Қосалқы біліктер мен
шынжырларды дұрыс салмаған жағдайда,
шынжырдың үзілуіне және/немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Шынжырлы араға арналған қайрау
және техникалық қызмет көрсету
жөніндегі өндіруші нұсқауларын
орындаңыз. Тереңдік өлшегіш биіктігінің
төмендеуі кері соққы қаупінің артуына
әкелуі мүмкін.
13. Жұмысты бастамас бұрын, шынжырлы араның
дұрыс жұмыс істеп тұрғанын және оның
жағдайы қауіпсіздікке қатысты ережелерге
сәйкес келетінін тексеріңіз. Әсіресе келесілерді
тексеріңіз:
Шынжыр тежегіші дұрыс жұмыс істейді;
Инерциялы тежегіш дұрыс жұмыс істейді;
Білік пен тісті барабан қақпағы дұрыс
орнатылған;
Шынжыр ережелерге сәйкес қайралған
және керілген;
14. Шынжырлы араны шынжыр қақпағы
орнатылған күйде іске қосуға болмайды.
Шынжырлы араның шынжыр қақпағы
орнатылған күйде іске қосу шынжыр
қақпағының алға қарай ұшып кетуіне, жарақат
алуға және оператордың айналасындағы
заттардың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Үстіңгі тұтқаның шынжырлы
арасына ғана арналған қауіпсіздік
бойынша ескертулер
1.
Бұл шынжырлы ара әсіресе ағаш күтімі мен
ағашты жасартуға арналған. Шынжырлы ара
тек тиісті дайындықтан өткен адамдардың
пайдалануына арналған. Тиісті кәсіби ұйымның
барлық нұсқауларын, процедуралары мен
кеңестерін сақтаңыз. Әйтпесе өлімге әкелетін
кездейсоқ жағдайлар орын алуы мүмкін.
Ағашта аралау үшін, әрдайым көтергіш
платформаны (шағын жүк кранын, көтергішті)
пайдалану ұсынылады. Арқанды пайдалану
36 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Duc302Duc252

Table of Contents