Makita DUC302RF2 Instruction Manual page 40

Cordless chain saw
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың функциясын реттемес және
тексермес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі
екендігіне және аккумулятор картриджінің
алынғанына көз жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
► Сурет2: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме
3. Аккумулятор картриджі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін орнатпас немесе
алмас бұрын, әрдайым құралды өшіріңіз.
Аккумулятор картриджін орнатқан немесе
алған кезде құралды және аккумулятор
картриджін мықтап ұстаңыз. Құралды және
аккумулятор картриджін мықтап ұстамау,
олардың қолыңыздан сырғанап түсіп,
нәтижесінде құралдың және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және жарақат
алуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны
құралдан сырғытып шығарып алыңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап,
оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс
естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Егер
түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор көрініп
тұрса, демек ол толығымен құлыпталмаған.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін әрдайым қызыл
индикатор көрінбейтіндей етіп, толығымен
орнатыңыз. Олай жасамаған жағдайда, ол
құралдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді немесе
айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
Аккумулятор картриджін күштеп орнатпаңыз.
Егер картридж жеңіл сырғымаса, демек ол
дұрыс салынбаған.
ЕСКЕРТПЕ:
Құрал тек бір аккумулятор картриджімен
жұмыс істемейді.
Құралдың/аккумулятордың
қорғаныс жүйесі
Құрал құралды/аккумуляторды қорғау жүйесімен
жабдықталған. Бұл жүйе құрал мен аккумулятордың
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін моторға берілетін
қуатты автоматты түрде өшіреді.
Егер құрал немесе аккумулятор төмендегі
жағдайлардың біреуіне тап болса, құрал жұмыс
барысында автоматты түрде тоқтайды. Кейбір
жағдайларда индикаторлар жана бастайды.
Шамадан тыс жүктемеден қорғаныс
Құрал тым жоғары ток шығаратын күйде жұмыс
істегенде, құрал автоматты түрде ешбір көрсеткішсіз
тоқтайды. Бұл жағдайда құралды өшіріңіз және
құралдың шамадан тыс жүктелуіне себеп болған
жұмысты тоқтатыңыз. Содан кейін қайта іске қосу
үшін құралды қосыңыз.
Аккумуляторды/құралды қызып кетуден қорғау
Аккумулятор/құрал қызып кетсе, құрал ешбір
сигналсыз автоматты түрде тоқтайды. Құрал
ауыстырып-қосқыш шүріппесін тартқан кезде де іске
қосылмайды. Бұл жағдайда аккумуляторды/құралды
іске қайта қоспас бұрын, оның сууына мүмкіндік
беріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Аккумуляторды қызып кетуден қорғау
жұлдызша белгісі бар аккумулятор картриджімен
ғана жұмыс істейді.
► Сурет3: 1. Жұлдыз тәрізді белгі
Зарядтың шамадан тыс таусылуынан қорғаныс
► Сурет4: 1. Аккумулятор индикаторы
Аккумулятордың қалған қуаты төмендеген
кезде, қолданбалы аккумулятор жағындағы
аккумулятор индикаторы жыпылықтайды. Әрі
қарай пайдаланылса, құрал тоқтап, аккумулятор
индикаторы шамамен 10 секунд бойы жанады. Бұл
жағдайда аккумулятор картриджін зарядтаңыз.
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету
Тек индикаторы бар аккумулятор картриджіне
арналған.
► Сурет5: 1. Индикатор шамдары 2. Тексеру
түймесі
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін
басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд
жанып тұрады.
Индикатор шамдары
Жанып тұру
Өшірулі
ЕСКЕРТПЕ: Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.
40 ҚАЗАҚША
Қалған қуат
Жыпылықтау
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
Аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор
ақаулы
болуы
мүмкін.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Duc302Duc252

Table of Contents