Makita DUC302RF2 Instruction Manual page 37

Cordless chain saw
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

әдісі өте қауіпті және арнайы оқытуды қажет
етеді. Операторлар қауіпсіздік қорғаныс
жабдықтарын пайдалануды және өрмелеу
әдістерін білу үшін тиісті дайындықтан өтуі тиіс.
Ағаштарда жұмыс істеген кезде, әрқашан тиісті
белдіктерді, арқандарды және карабиндерді
пайдаланыңыз. Әрдайым операторға
және араға арналған бекіткіш құрылғыны
пайдаланыңыз.
2.
Пайдалану нұсқаулығына сәйкес сақтаудан
бұрын, құралды тазалаңыз және техникалық
қызмет көрсетіңіз.
3.
Шынжырлы араны көлікпен тасымалдау
кезінде, жанармайдың немесе шынжыр
майының ағып кетуіне, құралдың
зақымдалуына және жеке жарақат алуға жол
бермеу үшін, оның қауіпсіз орналасқанына көз
жеткізіңіз.
4.
Шынжыр тежегішінің жұмыс істеп тұрғанын
үнемі тексеріңіз.
5.
Оттың жанында шынжырға май құмаңыз.
Шынжырға май құйған кезде ешқашан темекі
шекпеңіз.
6.
Ұлттық ережелер шынжырлы араны
пайдалануды шектеуі мүмкін.
7.
Егер жабдық қатты соғылып немесе құлап
қалса, жұмысты жалғастырмас бұрын оның
жағдайын тексеріңіз. Басқару және қауіпсіздік
құрылғыларында ақаулық болмауын тексеріңіз.
Егер қандай да бір зақым немесе күмән
пайда болса, тексеру және жөндеу жұмысына
байланысты біздің өкілетті қызмет көрсету
орталығымызға хабарласыңыз.
8.
Шынжырлы араны іске қоспас бұрын әрдайым
шынжыр тежегішін іске қосыңыз.
9.
Кесуді бастаған кезде араның сырғанап кетуіне
(сырғанау қозғалысы) немесе серпілуіне жол
бермеу үшін араны орнында мықтап ұстаңыз.
10. Кесуді аяқтаған кезде құралдың "түсіп кетуіне"
байланысты тепе-теңдікті сақтаңыз.
11.
Желдің бағыты мен жылдамдығын ескеріңіз.
Жоңқалар мен шынжыр майының араласып
кетуіне жол бермеңіз.
Қорғаныс құралдары
1.
Шынжырлы арамен жұмыс істеу
барысында бас, көз, қол немесе аяқ
жарақаттарына жол бермеу үшін, сондай-ақ
құлақты қорғау үшін араны пайдалану
барысында келесі қорғаныс құралдарын
пайдалану керек:
Тиісті киім түрі болуы тиіс, яғни қонымды,
бірақ еш кедергі келтірмейтін болуы тиіс.
Бұтақтар немесе бұталарға оралып қалуы
мүмкін әшекейлерді тақпаңыз немесе
киім кимеңіз. Егер шашыңыз ұзын болса,
әрдайым шашты жауып тұратын бас киім
киіңіз!
Шынжырлы арамен жұмыс істеген кезде
қорғаныс касканы кию қажет. Қорғаныс
касканың зақымдалмағанын тұрақты
аралықта тексеру керек және оны 5
жылдан асырмай ауыстыру керек. Тек
мақұлданған қорғаныс каскаларды
пайдаланыңыз.
Қорғаныс касканың бетке арналған
қалқаны (немесе көзілдіріктері) жоңқалар
мен үгінділерден қорғайды. Шынжырлы
арамен жұмыс істеу барысында көз
жарақаттарына жол бермеу үшін әрдайым
көзілдірік тағыңыз немесе бетке арналған
қалқан киіңіз.
Шудан қорғайтын тиісті жабдық
(құлаққаптар, құлақсаптар т.б.) киіңіз.
Қорғаныс күрте 22 нейлон қабатынан
тұрады және ол құралдың операторды
кесіп кетуінен қорғайды. Бұл қорғаныс
құралын көтерілген платформаларда
(шағын жүк кранында, көтергіште),
сатыларда орнатылған платформаларда
жұмыс істеген кезде немесе арқанмен
өрмелеген кезде әрдайым кию қажет.
Қорғаныс көкірекше және аспа бау 22
қабат нейлон матадан жасалған және ол
кесуден қорғайды. Біз оны пайдалануды
қатаң түрде ұсынамыз.
Қалың былғарыдан жасалған
қорғаныс қолғаптары тағайындалған
құралдардың біреуі болып табылады
және оны шынжырлы арамен жұмыс істеу
барысында әрдайым кию қажет.
Шынжырлы арамен жұмыс істеу
барысында табаны сырғанауға
қарсы, ұшында металдан жасалған
қалқаншалары, аяққа арналған қорғанысы
бар қорғаныс аяқ киімін немесе
қорғаныс етіктерін әрдайым кию қажет.
Қорғаныс аяқ киімі кесуден қорғайтын
және тепе-теңдікті қамтамасыз ететін
қорғаныс қабатымен жабдықталған.
Ағаштарда жұмыс істеу үшін, қорғаныс
етіктері өрмелеуге жарамды болуы тиіс.
Діріл
1.
Қан айналымы нашар тұлғалардың шамадан
тыс діріл әсерінен қан тамырлары немесе
жүйке жүйесі зақымдалуы мүмкін. Діріл саусақ,
қол мен білектегі келесі симптомдарға әкелуі
мүмкін: "Ұйықтап қалу" (қозғалыссыз қалу),
діріл, ауыру, шаншу, тері түсінің өзгеруі.
Осы симптомдардың біреуі пайда болса,
дәрігерге қаралыңыз! "Ақ саусақ ауруы"
қаупін азайту үшін қолыңызды жылы ұстаңыз
және құрылғы мен керек-жарақтарды дұрыстап
ұстаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ: Бұл өнімді әбден
пайдаланып үйренген (қайта пайдалану
нәтижесінде) болсаңыз да, осы өнімді
қолдану кезінде қауіпсіздік техникасы
ережелерін қатаң түрде САҚТАУ ҚАЖЕТ.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе
орындамау ауыр жарақаттарға әкеп
соқтыруы мүмкін.
37 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Duc302Duc252

Table of Contents