Ылғалдандырғышты Тазарту; Ылғалдандырғыштың Корпусын Тазалау; Су Ыдысын Тазалау; Ылғалдандыру Сүзгісін Тазалау - Philips HU481610 User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
5 Ылғалдандырғышты
тазарту
Ескертпе
• Тазарту алдында ылғалдандырғышты міндетті 
түрде розеткадан ажырату керек.
• Су ыдысындағы суды ауа кіру жолдарына 
қарама-қарсы жақтан төгу керек.
• Ылғалдандырғыштың кез келген бөлігін 
тазалау үшін ағартқыш немесе алкоголь 
сияқты абразивті,   агрессивті немесе тұтанғыш 
тазалағыш заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
• Құралды шамалы     уақыт пайдаланғаннан кейін 
үстіңгі бөлігінде шаң болады.   Пайдаланушы өзі 
тазалай алмайды.   Қолдау алу үшін,   жергілікті 
қызмет көрсету орталығына     хабарласыңыз.
Ылғалдандырғыштың
корпусын тазалау
Шаңның жиналуын болдырмау үшін 
ылғалдандырғыштың ішін және сыртын 
жүйелі түрде тазалаңыз.
1
Ылғалдандырғыш корпусының шаңын 
жұмсақ,   құрғақ шүберекпен сүртіп 
алыңыз.
2
Ауа кірісін және шығысын құрғақ,   жұмсақ 
шүберекпен тазалаңыз.
Су ыдысын тазалау
Таза ұстау үшін,   су ыдысын апта сайын 
тазалаңыз.
1
Ылғалдандыру сүзгісі мен сүзгі тірегін 
шығарып алыңыз.
2
Су ыдысының 1/3 бөлігін сумен 
толтырыңыз.
3
Су ыдысындағы суға жұмсақ тазартқыш 
сұйықтық қосыңыз.
4
Су ыдысының ішкі бөлігін жұмсақ әрі 
таза шүберекпен тазартыңыз.
134 KK
5
Су ыдысындағы суды раковинаға төгіңіз.
6
Ылғалдандыру сүзгісін және сүзгі 
ұстағышын су ыдысына қайта қойыңыз.
Ылғалдандыру сүзгісін тазалау
Таза ұстау үшін,   ылғалдандыру сүзгісін апта 
сайын тазалаңыз.
1
Су ыдысынан ылғалдандыру сүзгісі мен 
сүзгі тірегін шығарып тастаңыз ( n-сур.).
2
Сүзгі тірегінен ылғалдандыру сүзгісін 
алып тастаңыз ( o-сур,).
3
Ылғалдау сүзгіні тазалау дәрісіне 
(мысалы,   сұйылтыған лимон қышқылының 
ерітіндісі) бір сағатқа салыңыз ( p-сур.).
Ескертпе
• Орташа немесе біркелкі қышқылды жуғыш 
құралын қолданыңыз (4 л суға 24 г лимон 
қышқылы).
4
Ылғалдандыру сүзгісін баяу ағып тұрған 
сумен шайыңыз.   Тазалаған кезде сүзгіні 
қыспаңыз немесе сықпаңыз ( q-сур.) .
5
Артық суды ылғалдандыру сүзгісіне 
ағызыңыз.
6
Ылғалдандыру сүзгісін сүзгі тірегіне 
жинаңыз ( d-сур.).
7
Ылғалдандыру сүзгісін және сүзгі тірегін 
су ыдысына қайта қойыңыз ( e-сур.).
8
Жоғарғы бөлікті су ыдысына қайта 
қойыңыз ( g-сур.).
Ескертпе
• Сүзгіні қыспаңыз немесе сықпаңыз.   Бұл сүзгіні 
зақымдауы және ылғалдандыру сапасына әсер 
етуі мүмкін.  
• Сүзгі тірегіне қайта жиналмаған болса,   сүзгіні 
тікелей күн сәулесімен кептіруге болмайды.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hu4816

Table of Contents