Қосымша Өңдеу; Зарядтау - Philips Lumea SC2009/30 Manual

Hide thumbs Also See for Lumea SC2009/30:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
96
Қазақша
- Фолликулит (безеу құрылымымен бірге шаш фолликулдары
айналасындағы ісік): бұл өте сирек орын алады және зақымдалған
теріге енетін бактерияның нәтижесі. Бұндай реакция орын алса,
дәрігерге қаралуға кеңес береміз, себебі фолликулит антибиотик
майын керек етуі мүмкін.
- Артық ауру: құрылғыны қырынбаған теріге пайдалансаңыз,
құрылғының теріңіздің түсіне аса жоғары болатын жарық
қарқынымен пайдалансаңыз, бір аумақты бір реттен аса
жарықтандырсаңыз және құрылғыны ашық жараларға,
қабынуларға, жұқпалы ауруларға, дене суреттеріне, күйіктерге, т.б.
пайдалансаңыз, түкті алу кезінде не одан кейін осындай болуы
мүмкін.
Қосымша өңдеу
Зарядтау
Қолданыстан кейін өңделген аймақтарға лосьондар, кремдер,
дезодоранттар, косметика қолдануға болады. Егер өңдеуден кейін тері
тітіркенсе немесе қызарса, өнімді теріге қолдану алдында жойылуын күтіңіз.
Егер өнімді теріге қолданғаннан кейін тері тітіркенсе, оны сумен жуыңыз.
Ескерту: барлық нұсқаулар орындалса, тері реакциялары қалуы мүмкін.
Бұндай жағдайда құрылғы қолданысын тоқтатып, еліңіздегі тұтынушыға күтім
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғы батареяларын алғашқы рет қолданар алдында оны зарядтап
алыңыз. Зарядтау шамамен 1 сағат 40 минут алады. Ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз да, әр 3-4 айда батареяларды толық зарядтаңыз.
Құрылғы зарядталып жатқанда, зарядтау шамы жасыл болып
жыпылықтайды.
Ескерту: Бұл құрылғыны сымсыз пайдалануға болады.
1 Құрылғы сөндірулі екендігін тексеріп алыңыз.
2 Құрылғының кішкене шанышқысын зарядтаушыға енгізіп, адаптерді
қабырғадағы розеткаға енгізіңіз. Батареяларды сақтау үшін әрбір
қолданыстан кейін Lumea құрылғысын зарядтаңыз.
Ескерту: Құрылғы батареяны шамадан тыс қызудан қорғау жүйесімен
жабдықталған және бөлме температурасы 40°C асқанда зарядтамайды.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents