Philips SmartPro Easy FC8794 Manual page 103

Hide thumbs Also See for SmartPro Easy FC8794:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Роботта шарлауға инфрақызыл датчиктер пайдаланылғандықтан, қап-қара және ашық едендерде
қиындықтар туындауы мүмкін. Егер роботты осындай беттерде пайдалансаңыз, роботтың қара және
ашық еденде жұмыс істей алатынын көру үшін, алғашында жанында тұрыңыз.
Робот қалай тазалайды
Тазалау жүйесі
Роботта едендерді тиімді тазалауға арналған 3 кезеңді тазалау жүйесі бар.
-
Екі бүйірлік щетка роботтың бұрыштарды және қабырғалардың бойын тазалауына көмектеседі.
Сондай-ақ, олар едендегі кірді тазалауға және оны сору саңылауына (сурет 3) қарай жылжытуға
көмектеседі.
-
Роботтың сору қуаты кірді тартып алады және оны сору саңылауы арқылы шаң контейнеріне (сурет
4) тасымалдайды.
-
FC8796, FC8795 және FC8794 үлгілері қатты еденді жуатын роботқа тіркелетін жуу саптамасымен
келеді.
Тазалау үлгілері
Авто тазалау режимінде робот бөлменің әр аумағын оңтайлы тазалау үшін секіру және қабырға
бойымен жүретін үлгілерінің автоматты реттілігін пайдаланады. Ол батарея заряды таусылғанша
немесе өшіргенше, бөлмені тазалауды жалғастырады.
Қашықтан басқару құралынан (көріңіз 'Тазалау режимін таңдау') тиісті түймені басумен үш жеке
тазалау режимінің бірін таңдай аласыз. Робот таңдалған тазалау режимінде бірнеше минут болып,
одан кейін автоматты тазалау режиміне оралады.
1 Секіру режимі (сурет 5)
2 Қабырға бойымен жүру режимі (сурет 6)
3 Серіппелі режим (сурет 7)
Робот биіктіктегі айырмашылықтардан қалай аулақ жүреді
Роботтың түбінде бес құлау датчигі бар. Ол осы құлау датчиктерін баспалдақтар сияқты биіктіктегі
айырмашылықтарды анықтау және аулақ жүру үшін пайдаланады.
Ескерту: Роботтың биіктік айырмашылығы жиегінен аздап шығып қозғалуы қалыпты, өйткені алдыңғы
құлау датчигі буфердің артында орналасқан.
Абайлаңыз: Кейбір жағдайларда құлау датчиктері баспалдақтарды немесе басқа биіктік
айырмашылығын уақытылы анықтамауы мүмкін. Сондықтан бірінші рет пайдаланғанда және
баспалдақтардың немесе басқа биіктік айырмашылығының жанында пайдаланғанда, роботты мұқият
бақылаңыз. Робот биіктік айырмашылықтарын дұрыс анықтауын жалғастыруы үшін, құлау датчиктерін
жүйелі түрде тазалап тұру маңызды.
Бірінші рет пайдалану алдында
Бүйірлік щеткаларды бекіту
1 Бүйірлік щеткаларды орамынан шығарыңыз және роботты үстелде немесе еденде аударыңыз.
2 Бүйірлік щеткаларды робот (сурет 8) түбіндегі біліктерге салыңыз.
Ескерту: Бүйірлік щеткаларды тиісінше бекітіңіз. Олар сырт етіп орнына түскенше, оларды білікке
қарай басыңыз.
Қазақша
103

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents