Жақындықты анықтау/сыртқы жарық датчигі
•
- Жақындықты анықтау датчигі: қоңырау барысында құрылғы
адам денесіне жақындаған кезде жақындық анықтайтын датчик
экранды жəне түрту функциясын өшіреді. Құрылғы белгілі
бір аумақтан тыс жатқанда ол экранды қайта қосып, түрту
функциясын қайта қосады.
- Сыртқы жарық датчигі: сыртқы жарық датчигі автоматты
жарықты бақылау режимі қосылып тұрған кезде сыртқы жарық
қарқындылығын талдайды.
Дыбыс деңгейін реттеу пернелері
•
- Рингтондар, қоңыраулар немесе хабарландырулар дыбысының
деңгейін реттеңіз.
- Камераны пайдалану барысында фотосурет түсіру үшін Дыбыс
деңгейін реттеу пернесін ақырындап басыңыз. Үздіксіз суреттер
түсіру үшін дыбыс деңгейі пернесін басып тұрыңыз.
- Экран құлыпталғанда немесе өшіріп тұрғанда Камера
қолданбасын іске қосу үшін дыбыс деңгейін азайту (-) пернесін
екі рет басыңыз. Түсіру+ қолданбасын іске қосу үшін дыбыс
деңгейін көтеру (+) пернесін екі рет басыңыз.
Қуат/құлып пернесі (саусақ ізі сенсоры)
•
- Экранды қосқыңыз немесе өшіргіңіз келген жағдайда пернені
қысқаша басыңыз.
- Қуатты басқару опциясын таңдағыңыз келген жағдайда пернені
басып тұрыңыз.
Осы құрылғының алынбайтын батареясы бар. Артқы қақпақты
•
алып тастауға əрекеттенбеңіз.
Құрылғы сипаттамаларына байланысты кейбір функцияларға
•
қатынас шектелуі мүмкін.
Негізгі функциялар
24