Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім
•
параметрлеріне, пайдалану тəсілдеріне, батареяға жəне қоршаған ортаға
байланысты болады.
Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың
•
батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.
Жеке ақпаратты қорғау
Деректердің жайылып кетуіне немесе құпия ақпараттың қате
•
пайдаланылуына жол бермеу үшін жеке ақпаратыңызды қорғаңыз.
Құрылғыны пайдаланғанда əрқашан маңызды деректердің резервтік
•
көшірмесін жасаңыз. LG компаниясы ақпараттың жоғалуы үшін жауапты
емес.
Құрылғыны тастағанда құпия ақпараттың қате пайдаланылуына жол
•
бермеу үшін барлық ақпараттың резервтік көшірмесін жасап, құрылғының
бастапқы параметрлерін қалпына келтіріңіз.
Қолданбаларды жүктеп алғанда рұқсат экранын мұқият оқыңыз.
•
Бірнеше функциялары бар немесе сіздің жеке ақпаратыңызға кіру рұқсаты
•
бар қолданбаларды пайдаланғанда сақ болыңыз.
Жеке есептік жазбаларыңызды жиі тексеріп тұрыңыз. Жеке
•
ақпаратыңызды қате пайдалану белгілерін анықтасаңыз, қызмет
провайдерінен сіздің есептік жазба ақпаратыңызды жоюын немесе
өзгертуін сұраңыз.
Құрылғыңыз жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды қорғау үшін
•
есептік жазбаңыздың кілтсөзін өзгертіңіз.
Белгісіз көздерден алынған қолданбаларды пайдаланбаңыз.
•
Жылдам зарядтау адаптері туралы ақпарат
Жылдам зарядтауды қолдайтын зарядтау адаптері өніммен бірге берілген.
•
Өніммен берілген түпнұсқа адаптерінен басқа жылдам зарядтау адаптері
•
пайдаланылған жағдайда жылдам зарядтау мүмкіндігі жұмыс істемеуі
мүмкін.
Қауіпсіз жəне тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
11