Құрылғыны магнитті, металл не электр өткізгіш материалдың
•
жанында пайдаланған кезде сенсорлы экран жұмысында ақаулық
пайда болуы мүмкін.
Экранды тікелей түсіп тұрған күн сəулесі сияқты жарық жерде
•
пайдалансаңыз, орныңызға байланысты экран көрінбеуі мүмкін.
Кітаптар оқу үшін құрылғыны көлеңке немесе жарықтық деңгейі
тым жоғары емес жерде пайдаланыңыз.
Экранды қатты баспаңыз.
•
Қажетті опцияңызды саусақ ұшымен жай ғана түртіңіз.
•
Қолғап киіп тұрып немесе тырнағыңыздың ұшымен түртсеңіз,
•
сенсорлық басқару элементі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Экран дымқыл не ылғалды болса, сенсорлық басқару элементі
•
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Экранның қорғаныс таспасы немесе үшінші тарап дүкенінен сатып
•
алынған керек-жарақ құрылғыға бекітілген болса, сенсорлық экран
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Статикалық кескінді ұзақ уақыт бойы көрсеткенде, экранда
•
кескіннің сұлбасы қалып қалуына немесе экранның күйіп кетуіне
себеп болуы мүмкін. Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбайтын
болсаңыз, экранын өшіріп қойыңыз.
Негізгі функциялар
35