Bosch Professional GNA 3 Original Instructions Manual page 91

Hide thumbs Also See for Professional GNA 3:
Table of Contents

Advertisement

құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқаны (3) корпустың оң немесе сол жағына,
ирек ойманың (6) ішіне бұрап кіргізіңіз.
Тұтқа ұстағышының (2) көмегімен қосымша тұтқаны
қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс күйіне қол жеткізу
үшін ұзартуға және кез келген күйге қайыруға болады.
Қосымша тұтқа әлдеқашан орнатылған болса, оны ирек
оймадан (6) бұрап шығарыңыз. Тұтқа ұстағышын (2)
бұранданың (1) көмегімен қажетті бұрышта корпустың оң
немесе сол жағындағы ирек оймаға бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаны тұтқа ұстағышының тар ұшына
сәйкесінше оңға немесе солға қарай бұрап бекітіңіз.
Егер тұтқа ұстағышын корпустың сол жағына бекітсеңіз,
ажыратқыштың (5) жабылмағанына көз жеткізіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қысқышты реттеу
Дірілсіз жұмыс істеу үшін қысқыш ұстағышы (12) үшін
тиісті табақ қалыңдығын реттеу керек.
Электр құралын қалып (14) өңделетін табақтың астыңғы
жағымен жанасатындай етіп ұстаңыз. Бұрандаларды (13)
қысқыш ұстағышынан босатыңыз. Қысқыш ұстағышын
(12) азғантай бос орынмен (шамамен 0,3 мм) табаққа
жылжытыңыз. Қысқыш ұстағышының тік
жылжытылғанына және қисаймағанына көз жеткізіңіз.
Бұрандаларды (13) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (5) ауыстырып-
қосқышта І көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.
Ажыратқышты (5) бұғаттау үшін ауыстырып-қосқыштың
алдыңғы жағын қосымша басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Ажыратқыш бұғатталған кезде, ауыстырып-қосқыштың
артқы жағын басып, содан кейін жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
u
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
Bosch Power Tools
Жұмыс істеген кезде қорғауыш қолғапты киіп,
u
арнайы ретте желі кабеліне абай болыңыз. Кесілген
табақта өткір қыр пайда болып, жарақаттануыңыз
мүмкін немесе желі кабелін зақымдауыңыз мүмкін.
Кесік жоңқасымен жұмыс істегенде сақ болыңыз.
u
Жоңқаның қырлары өткір болып, сізге жарақат тигізуі
мүмкін.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Электр құралын әрдайым табақ бетіне тігінен
ұстап, оны қисайтпаңыз.
Кесу штемпельді төмен қарай жылжыту арқылы
орындалады. Электр құралын кесу бағытымен біркелкі
және азғантай қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым
алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімін
айтарлықтай қысқартады және электр құралын
зақымдауы мүмкін.
Электр құралы кесу кезінде сәл көтерілсе, баяу жұмыс
істейді. Штемпель кесу кезінде қысылып қалса, электр
құралын өшіріп, штемпельді майлаңыз да, табақты
босатыңыз. Күш салмаңыз, әйтпесе штемпель мен қалып
зақымдалады.
Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы
Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы d
материалдың беріктігіне байланысты болады.
Электр құралымен ең көбі мына қалыңдыққа ие
табақтарды кесуге болады:
Материал
макс. беріктігі
2
(Н/мм
Болат
400
600
800
Алюминий
200
Штемпельді майлау/суыту
Штемпельдің (10) қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жақсы
салқындататын майлағыш құралды (мысалы, кескіш
құралға арналған майды) пайдалану керек.
Табақтың жоғарғы жағына жоспарланған кесік
сызығының бойымен майлағыш құралды жағыңыз.
Ұзақ жұмыстар немесе қатты тозуға әкелетін жұмыстарда
(мысалы, алюминийді кескенде) алмалы-салмалы
аспапты жүйелі түрде майлағыш құрал контейнеріне
батыру керек.
Кертілген таңба немесе үлгі бойынша кесу
Қысқыш ұстағышының (12) шығыңқы жерін кертілген
таңба бойынша кесу кезінде кесік белгісі ретінде
пайдалануға болады.
Электр құралы сызғыш бойынша бағыттау кезінде тік
кесіктер оңай орындалады.
Электр құралын үлгі бойымен бағыттау арқылы
контурларды кесуге болады.
Ішкі кесіктер жасау үшін 41 мм диаметріндегі саңылауды
алдын ала бұрғылау қажет.
Қазақ | 91
өңделетін
max
d
max
)
(мм)
3,5
2,4
1,6
4,0
1 609 92A 7MH | (27.04.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gna 5

Table of Contents