Hilti SF 6-A22 Original Operating Instructions page 67

Hide thumbs Also See for SF 6-A22:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
5.3
Аккумуляторды зарядтау
1. Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2. Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз.
3. Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз. → Бет 58
5.4
Бүйірлік тұтқаны орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Перфоратор басқарудың жоғалуы.
▶ Бүйірлік тұтқа дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Қысқыштар арнайы ойықтарға
тиісінше енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
1. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйіне орнатыңыз.
2. Бүйірлік тұтқаның қысқыштарын босату үшін тұтқаны бұраңыз.
3. Бүйірлік тұтқаның ұстағышын корпусқа толықтай енгізіңіз және қысқыштарды арнайы ойықтарға
кіргізіңіз.
4. Бүйірлік тұтқаның ұстағышын керу үшін тұтқаны бұраңыз.
5.5
Белдікке ілуге арналған ілгекті орнату (қосымша)
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі. Аспаптың құлауы сіз және басқа тұлгалар үшін қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін.
▶ Жұмысты бастау алдында белдік ілгегі берік бекітілгенін тексеріңіз.
Ілгек аспапты белдікке ілуге мүмкіндік береді. Белдікке ілуге арналған ілгекті оң және сол жақтан
ұстау үшін орнатуға болады.
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз. → Бет 60
2. Белдікке ілуге арналған ілгекті өнімнің тірегіндегі арнайы саңылауға кіргізіңіз.
3. Белдікке ілуге арналған ілгекті екі бұрандамен бекітіңіз.
4. Аккумуляторды орнатыңыз. → Бет 60
5.6
Hilti бит ұстағышын орнату (қосымша)
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз. → Бет 60
2. Сол немесе оң жақ бит ұстағышын өнімнің тірегіндегі арнайы саңылауға кіргізіңіз.
3. Бит ұстағышын екі бұрандамен бекітіңіз.
4. Аккумуляторды орнатыңыз. → Бет 60
5.7
Hilti құлаудан қорғанысын орнату (қосымша)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Өнімнің және/немесе фалиннің зақымдалуы. Қате қолдану нәтижесінде өнім және/немесе фалин
зақымдалуы мүмкін.
▶ Металл шынжырларды фалин ретінде қолданбаңыз.
фалиндерді қолданбаңыз.
Залалға жол бермеу үшін, биік жерде жұмыс істеген кезде Hilti құлаудан қорғанысын пайдаланған
жөн.
Құлаудан қорғаныс ұстағыш арқандарды/ұстағыш таспаларды бекітуге мүмкіндік береді.
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық директиваларды өніммен жұмыс істеген кезде міндетті
түрде ұстаныңыз.
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз. → Бет 60
2. Құлаудан қорғаныстың екі ысырмасын құрылғы тірегінің екі жағындағы ойықтарға кіргізіңіз.
3. Құлаудан қорғанысты тиісті бұрандалармен бекітіңіз.
*2231428*
2
4
2231428
3
5
Ұзындығы 2,0 m (6 ft) шамасынан артық
Қазақ
61

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sf 6h-a22

Table of Contents