LG M700 Quick Start Manual page 31

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 69
• Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз,
өйткені гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол,
еріткіш немесе спирт қолданбаңыз).
• Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
• Құрылғыны жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
• Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға
шығармаңыз.
• Құрылғыны кредит картасы немесе көлік билеттері
жанында ұстамаңыз, ол магнитті жолақтағы ақпаратқа
әсер етуі мүмкін.
• Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, ол құрылғыны
зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғал жерге
қоймаңыз.
• Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті
пайдаланбаңыз, ұстамаңыз және алуға немесе жөндеуге
әрекет жасамаңыз. Тиісті түрде қолданбағаннан болған
әйнектегі зақымдар кепілдікпен жөнделмейді.
• Құрылғыңыз — қалыпты жұмыс кезінде ыстық шығаратын
электрондық құрылғы. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті
желдеткіштің жоқтығынан терімен тікелей байланыста болу
ыңғайсыздықты немесе болмашы күйікті тудыруы мүмкін.
Сондықтан, құрылғыны пайдалану барысында немесе одан
кейін абайлап ұстаңыз.
• Құрылғыңыз ылғалданып қалса, оны дереу ажыратып,
толығымен құрғатыңыз. Кептіру процесін тездету үшін пеш,
микротолқынды пеш немесе шаш кептіргіш сияқты сыртқы
жылыту көзін пайдаланбаңыз.
• Өнімге сұйықтықтың тиіп қалмауына көз жеткізіңіз. Өнімді
сулы күйінде пайдаланбаңыз немесе зарядтамаңыз. Өнім
суланып кеткенде, сұйықтықтан зақымдалу индикаторы
түсін өзгертеді. Мұндай зақым нәтижесінде кепілдік
бойынша ұсынылатын ақысыз жөндеу қызметтеріне қол
жеткізу шектелетінін ескеріңіз.
Құрылғының тиімді жұмысы
• Құрылғыны медициналық жабдықтардың жанында
рұқсатсыз пайдаланбаңыз. Құрылғыңыздың жұмысы
медициналық құрылғының жұмысына кедергі келтіру
мүмкіндігін анықтау үшін дәрігермен кеңесіңіз.
• Кардиостимулятор өндірушілер кардиостимулятормен
туындайтын ықтимал кедергілердің алдын алу үшін басқа
құрылғылармен арасын 15 см етіп қалдыруды ұсынады.
5

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents