Bosch LR60 Professional Original Instructions Manual page 163

Laser receiver
Hide thumbs Also See for LR60 Professional:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
беріледі.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен жоғары қарай
жылжытыңыз. Ортаңғы сызыққа жақындаған кезде,
"Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторының (j) ұштығы ғана көрсетіледі.
Лазер қабылдағышы тым жоғары: лазер сәулесі
қабылдау өрісінің (1) астыңғы бөлігінен өтсе, дисплейде
"Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (f) жанады.
Жарық диодтары қосулы болған кезде, "Ортаңғы сызық
астындағы лазер сәулесі" деген қызыл түсті жарық
диодты бағыт индикаторы (4) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал жылдам
ырғақпен беріледі.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен төмен қарай
жылжытыңыз. Ортаңғы сызыққа жақындаған кезде,
"Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторының (f) ұштығы ғана көрсетіледі.
Лазер қабылдағышы ортада: лазер сәулесі қабылдау
өрісінен (1) ортаңғы сызық биіктігінде өтсе, дисплейде
ортаңғы сызық индикаторы (h) пайда болады.
Жарық диодтары қосулы болғанда, жасыл түсті жарық
диодты ортаңғы сызық (3) жанады.
Сигнал қосулы болса, үздіксіз дыбыс шығарылады.
Соңғы қабылдауды жадқа сақтау функциясы: лазер
қабылдағышы лазер сәулесі қабылдау өрісінен (1) қайта
шығатындай етіп жылжыса, соңғы рет көрсетілген
"Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (j) немесе "Ортаңғы сызық астындағы лазер
сәулесі" деген бағыт индикаторы (f) жыпылықтайды. Бұл
индикаторды реттеу мәзірі арқылы қосуға немесе
өшіруге болады.
Салыстырмалы биіктік индикаторы
(B суретін қараңыз)
Лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1) тисе, лазер сәулесі
мен лазер қабылдағышының ортаңғы сызығы
арасындағы қашықтық дисплейдегі мәтіндік индикаторда
(e) абсолютті мән ретінде көрсетіледі.
Биіктік индикаторының өлшем бірлігін реттеу мәзірінде
өзгертуге болады ("mm" [мм] немесе "in" [дюйм]).
Дисплей жарығы
Лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы жағындағы
дисплейлерде (5) жарық функциясы бар. Дисплей
жарығы мына жағдайларда қосылады:
– лазер қабылдағышын қосқан кезде,
– түймені әр басқан сайын,
– лазер сәулесі қабылдау өрісінің (1) үстінен жылжыған
кезде.
Дисплей жарығы мына жағдайларда автоматты түрде
өшеді:
– лазер сәулесі қабылдау өрісіне жетпеген кезде,
түймені әр басқан сайын 30 с ішінде,
– ешбір түйме басылмаған кезде және лазер сәулесінің
қабылдау өрісіндегі позициясы өзгермеген кезде,
2 минут ішінде.
Дисплей жарығын реттеу мәзірінде өшіруге болады.
Bosch Power Tools
Дисплей жарығының реттеуі лазер қабылдағышын
өшірген кезде жадқа сақталмайды. Лазер қабылдағышын
қосқаннан кейін, дисплей жарығы әрдайым қосылады.
Реттеулер
Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) позициясын
"ортаңғы" ретінде көрсету дәлдігін белгілеуге болады.
Ортаңғы сызық индикаторының ағымдағы реттеуі
қабылдау дәлдігінің индикаторында (c) көрінеді.
Қабылдау дәлдігін өзгерту үшін қабылдау дәлдігін реттеу
түймесін (18) дисплейде қалаулы реттеу көрсетілгенше
басыңыз. Қабылдау дәлдігін реттеу түймесін әр басқан
сайын мәтіндік индикаторда (e) қабылдау дәлдігінің тиісті
мәні қысқа уақытқа көрсетіледі.
Қабылдау дәлдігінің реттеуі құрылғыны өшірген кезде
жадқа сақталады.
Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық дыбыс
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) орналасуы
сигналдық дыбыс арқылы белгіленуі мүмкін.
Дыбыс деңгейін өзгертуге немесе дыбыстық сигналды
өшіруге болады.
Дыбыстық сигналды ауыстыру немесе өшіру үшін
дыбыстық сигнал түймесін (20) дисплейде қалаулы
дыбыс деңгейі көрсетілгенше басыңыз. Дыбыс деңгейі
төмен болса, дисплейдегі дыбыстық сигнал индикаторы
(g) бір сызықшамен, ал дыбыс деңгейі жоғары болса, 3
сызықшамен пайда болады, дыбыстық сигнал өшірулі
болса, индикатор сөнеді.
Дыбыстық сигнал реттеуіне қарамастан, лазер сәулесі
қабылдау өрісіне (1) алғаш рет кірген кезде, растау
ретінде төмен дыбыс деңгейіндегі қысқа сигнал беріледі.
Дыбыстық сигнал реттеуі лазер қабылдағышын өшірген
кезде жадқа сақталады.
Реттеу мәзірі
Реттеу мәзірін шақыру: X осінің түймесін (16) және Y
осінің түймесін (15) бір уақытта басыңыз.
Реттеуді ішкі мәзірдің ішінде өзгерту: реттеулер
арасында ауысу үшін X осінің түймесін (16) немесе Y
осінің түймесін (15) басыңыз. Соңғы рет таңдалған
реттеу, мәзірден шыққан кезде, автоматты түрде жадқа
сақталады.
Ішкі мәзірді ауыстыру: келесі ішкі мәзірге өту үшін
CenterFind режимінің түймесін (17) басыңыз.
Реттеу мәзірінен шығу: CenterFind режимінің
түймесін (17), реттеу мәзірі жабылғанша басыңыз. Оған
қоса реттеу мәзірі, түймені соңғы рет басқаннан кейін,
шамамен 10 с ішінде автоматты түрде жабылады.
Төмендегі ішкі мәзірлер қолжетімді:
– Салыстырмалы биіктік индикаторының өлшем
бірлігі: өлшем бірліктерінің мәзірін шақырған кезде,
ағымдағы уақытта таңдалған өлшем бірлігі мәтіндік
индикаторда (e) көрсетіледі, қолжетімді өлшем
бірліктері өлшем бірлігінің индикаторында (d)
көрінеді.
Қазақ | 163
1 609 92A 6AJ | (27.05.2021)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lr65g professional

Table of Contents