Қазақ - Bosch LR60 Professional Original Instructions Manual

Laser receiver
Hide thumbs Also See for LR60 Professional:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
Қазақ
Еуразия экономикалық одағына
(Кеден одағына) мүше
мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында жəне қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы
бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім
қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте
жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
ұсынылады
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Bosch Power Tools
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық құсқаулықтарды оқып, орындау
керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға
сай пайдаланбау өлшеу құралындағы
кірістірілген қауіпсіздік шараларына
жағымсыз әсер етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ
ТОЛЫҚ ОРЫНДАҢЫЗ.
Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы
u
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң
u
жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу
құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын
шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралы жұмыс істегенде белгілі
u
жағдайларда қатты дабыл дыбыстары шығады.
Сол үшін өлшеу құралын құлақтан немесе басқа
адамдардан қашық ұстаңыз. Қатты дыбыс есту
қабілетін зақымдауы мүмкін.
Магнитті имплантаттардың немесе
кардиостимулятор немесе инсулин
сорғысы сияқты басқа да медициналық
құрылғылардың жанына қоймаңыз.
Магнит имплантаттардың немесе
медициналық құрылғылардың жұмысына
әсер ететін өріс тудырады.
Өлшеу құралын магнитті дерек тасымалдаушылар
u
мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз.
Магниттердің әсері қалпына келтіруге болмайтын
деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.
Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен
u
пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ
және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында
кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын
тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын
Bluetooth® бен медициналық құралдар,жанар май
бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар
және жарылатын аймақтар жанында
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен
ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта
ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері
(логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының
тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып
табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch
Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы
лицензия бойынша жүзеге асады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Қазақ | 159
1 609 92A 6AJ | (27.05.2021)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lr65g professional

Table of Contents