Samsung Galaxy SmartTag User Manual page 502

Hide thumbs Also See for Galaxy SmartTag:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жұмысты бастау
• Батареяларды балалар мен нәрестелердің қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Батарея бөлімі мықтап
жабылмайтын болса, өнімді пайдалануды тоқтатыңыз және оны балалар мен нәрестелердің
қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Егер бала батареяны жұтып қойды немесе оны бір жеріне
кіргізіп алды деген күдік болса, бірден медициналық көмек сұрауыңыз қажет.
• Бұл өнім кейбір тегін/ашық көзден алынған бағдарламалық құралдарды қамтиды. Ашық
бастапқы коды бар бағдарламалық жасақтамаға арналған лицензиямен қалай танысуға
болатынын білу үшін Samsung (opensource.samsung.com) веб-сайтына кіріңіз.
Нұсқаулық белгішелер
Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар
Абайлаңыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты бұзуы мүмкін жағдайлар
Ескерім: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Құрылғының сыртқы көрінісі
Қораптың ішіндегісі
• SmartTag
• Жылдам бастау нұсқаулығы
• SmartTag белгісімен бірге берілген элементтер және кез келген қолжетімді қосалқы
құралдар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
• Берілген элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді
болмауы мүмкін.
• Сыртқы түрі мен сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
• Қосымша қосалқы құралдарды жергілікті Samsung сатушысынан сатып алуға болады. Сатып
алу алдында олардың құрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз.
• Тек Samsung рұқсат еткен қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы
құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды
тудыруы мүмкін.
• Қосалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана байланысты болады.
Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат Samsung веб-сайтында ұсынылған.
Қазақ тілі
2
2

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents