GBC CombBind® C210 Instruction Manual page 21

Hide thumbs Also See for CombBind® C210:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Түптеу әдісі
Түспен белгіленген бағыттауышты пайдаланып
1
құжатты өлшеңіз (1-сур.)
Құрылғының қақпағын ашып, құжатыңызды (соның
ішінде таңдалған мұқаба парақтарын) қақпаққа қарама-
қарсы "орналастыру" аймағына қойыңыз. Құжаттарды
қақпаққа қарай ақырындап кері итеріңіз және
орналастыру аймағындағы түспен белгіленген
бағыттауышты пайдаланып, құжаттың өлшемін
тексеріңіз. Құжаттарыңызды орналастыру аймағында
тесуге дайын күйде қалдыруға болады.
Құжатқа сәйкес келетін брошюра серіппесін
2
таңдаңыз (2-сур.)
Брошюра серіппесі өлшемінің бағыттауышын
пайдаланып, құжатыңызға сәйкес келетін өлшемді
таңдаңыз, яғни 25 парақ = 6 мм.
Брошюра серіппесін құрылғыға салыңыз (3-сур.)
3
Түптегіш брошюра серіппесін құрылғыдағы ақ
көрсеткінің жанына, металл серіппені бекітетін
ұстағыштардың артына ашық жағын жоғары қаратып
салыңыз.
®
Ескертпе: GBC
ProCombs™ пайдаланатын болсаңыз,
брошюра серіппесіндегі ақ көрсеткі құрылғыдағы ақ
көрсеткімен туралануы тиіс.
Тетікті өзіңізге қарай бұрап, брошюра серіппесін
4
ашыңыз (4-сур.)
Ашылатын брошюра серіппесінің жанындағы түрлі-түсті
көрсеткілер бағыттауыш қызметін атқарып, тесілген
парақтарды оңай салу үшін қаншалықты ашу қажеттігін
көрсетеді.
®
Ескертпе: GBC
ProCombs™ пайдаланатын болсаңыз,
жылдам түптеу үшін брошюра серіппесіндегі түрлі-түсті
сызық құрылғыдағы түрлі-түсті көрсеткімен туралануы
тиіс.
Құжаттың өлшемін таңдаңыз (5-сур.)
5
Түптегіңіз келетін қағаз / мұқаба өлшемін A4 (297 x 210 мм)
немесе Letter (215 x 279 мм) арасында таңдау үшін жиек
бағыттауышы түймесін реттеңіз. Тым үлкен мұқабаларды
пайдаланған кезде аса үлкен күйді таңдаңыз,
құжатыңыздың мұқабаларын тесіңіз және алып
қойыңыз. Содан кейін A4 немесе Letter форматын
таңдап, жалғастырыңыз.
Кепілдік
Бұл құрылғының қалыпты пайдалану шарттарында жұмыс істеуіне сатып алған күннен бастап 2 жыл кепілдік беріледі.
Кепілдік мерзімінде ACCO Brands Europe корпорациясы өз шешімі бойынша ақаулы құрылғыны тегін жөндейді немесе оның
орнына жаңасын береді. Кепілдік дұрыс пайдаланбау немесе мақсатынан тыс пайдалану себебінен орын алған ақаулыққа
қолданылмайды. Сатып алған күнді растайтын құжат қажет болады. ACCO Brands Europe корпорациясына қатысы жоқ
тұлғаларыдң жөндеуі немесе өзгеріс енгізуі нәтижесінде кепілдіктің күші жойылады. Біздің мақсатымыз – өнімдеріміздің
көрсетілген сипаттамаларға сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл кепілдік тұтынушылардың қолданыстағы мемлекеттік
заңдарға сәйкес ие болатын құқықтарына ықпалын тигізбейді.
Егер кепілдік кезеңінде осы өнімде техникалық ақаулық пайда болса, тиісті ACCO қызмет орталығына хабарласыңыз.
Диагностика нәтижесіне және модель түріне байланысты, біз қызмет көрсетуші маманды жібереміз немесе өнімді ACCO
корпорациясына қайтаруды сұраймыз. Құрылғыны қайтаратын болсаңыз, ACCO корпорациясы өз шешімі бойынша, заңға
сәйкес түрде (i) құрылғыны жаңа немесе қалпына келтірілген бөлшектерді пайдаланып жөндейді, немесе (ii) құрылғыны
жаңасына немесе жұмыс істемейтін құрылғыға ұқсас қалпына келтірілген құрылғыға ауыстырады.
Бұл өнімді www.gbceurope.com парақшасында тіркеңіз
Ұяға парақтарды салыңыз (6-сур.)
6
Бір салғанда 2 мұқаба парағын (тек қана ПВХ /240г/м
картон - басқа материалдар x 1 парақ) немесе 25 парақ
2
қағазға дейін (80 г/м
) тесуге болады.
Дәстүрлі әдісті қолдану: Тесілетін парақтардың санын
таңдап, барлық парақтардың тураланғанына көз жеткізу
үшін парақтар бумасының жиегін топтастыру аймағына
қарай басыңыз. Тесілуі қажет буманы тікелей тесу
науасына қойыңыз және оны жиек бағыттауышына
тірелгенше солға қарай сырғытыңыз. Парақтарыңыз
сонда жақсы тураланады. Парақтарды жіберіп, тесу
тұтқасын екі қолыңызбен ұстаңыз.
Өнімділікті арттыру үшін өз еркімен берілетін
қағазды санау әдісін пайдаланыңыз: Құжатыңызды
(немесе құжатыңыздың парақтар бумасын) жатқан
жерінен қақпаққа қарай алға тартыңыз. Ол тесу
науасының алдындағы қабырғаға тигенше
жалғастырыңыз. Құжатты немесе буманы босатыңыз,
сонда бірінші 25 парақ тікелей тесу науасына түседі.
Тесу науасына түспей қалған парақтарды қайта
қақпақтағы бастапқы күйіне қайтарыңыз. Тесу
науасындағы парақтарды тірелгенше солға қарай
жылжытыңыз. Парақтарыңыз сонда жақсы тураланады.
Парақтарды жіберіп, тесу тұтқасын екі қолыңызбен
ұстаңыз.
Құжатты тесу (7-сур.)
7
Тұтқаны төмен басып парақтарды тесіңіз, содан кейін
тұтқаны қайтадан тік күйге көтеріңіз және тесілген
парақтарды алыңыз. Ескертпе: Кептелуге жол бермеу
үшін, бір тескенде мұқабаның екі парағынан артық
салуға болмайды. (ПВХ /240 г/м2 карта ғана, басқа
материалдар x 1 парақ)
Парақтарды ашық брошюра серіппесіне жинаңыз (8-сур.)
8
Тесу науасынан парақтарды алыңыз және түптеу
серіппесінің саусақтарына салыңыз.
Қажет болса, процесті қайталаңыз
9
Құжатыңыз толығымен серіппеге салынғанша 6–8
қадамдарын қайталаңыз.
Жабыңыз (9-сур)
J
Брошюра серіппесін жауып, құжатты алыңыз.
h
2
21

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents