Philips CleanAir HD6180/02 Manual page 69

Hide thumbs Also See for CleanAir HD6180/02:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1

Егер қуырғышта қатты май болса, онда оның қатаюын күтіп, қуырғышты ішіндегі
майымен бірге алып қойыңыз («қолдануға дайындық» тармағын қараңыз).
Қуыруға арналған кеңестер
-
Қандай мөлшерлер мен бағдарламалар таңдау керектігі жөнінде ақпарат алу үшін, осы
кітапшаның соңындағы тамақ кестесін қараңыз.
-
Қуырғалы жатқан тағамнан мұз бен суды әбден сілкіп тастап, кептіріп алыңыз.
-
Бір дегенде үлкен мөлшер салмаңыз. Осы кітапшаның соңындағы тамақ кестесінде
берілген мөлшерден аспаңыз.
Жағымсыз дәмдерден қалай құтылуға болады
Кейбір тамақ, әсіресе балық, майға жағымсыз дәм беруі мүмкін. Майдың дәмін қайтадан
бейтарап ету үшін былай етіңіз:
1
Майды немесе сұйық майды 160°C температурасына дейін қыздырыңыз.

Нанның екі жіңішке тілімін немесе бірнеше ақжелкен бұтағын майға салыңыз.

Көбірек көбік шыққанша күте тұрыңыз, сөйтіп, нан тілімдерін немесе ақжелкен бұтағын
майдан кепсермен сүзіп алыңыз.
Май немесе сұйық май енді қайтадан бейтарап дәмді болды.
Үйде жасалған Француз жолымен қуырылатын картоп
Сіз мына жолмен ең дәмді және қытырлақ Француз картопты жасай аласыз:
1
Қатты картопты алып, оларды таяқшаларға кесіңіз. Кесілген таяқшаларды суық сумен
шайыңыз.
Бұл кесілген таяқшаларды бір-біріне жабысудан сақтайды.
Есте сақтаңыз: Кесілген таяқшаларды әбден кептіріңіз.

Француз жолымен қуырылатын картопты мынадай ретпен қуырған дұрыс: бірінші 4-6
минут бойы, 160°C температурамен, ал екінші рет 3-4 минут бойы, 170°C
температурамен құырыңыз. Екінші рет қуырар алдында, қуырылған картопты суытып
алыңыз.

Үйде жасалған Француз картобын ыдысқа салып, сілкілеңіз.
Қоршаған айнала
-
Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына
өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз (Cурет 28).
кепілдік және қызмет
Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде ойландырған мәселе болса, Philips'тің интернет
бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар
Орталығына телефон шалсаңыз болады (оның нөмірін сіз дүние жүзі бойынша берілетін
кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған
жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips дилеріне арызданыңыз немесе Philips'тің Үйге арналған
құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV бөліміне арызданыңыз.
ҚазаҚша
69

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Cleanair hd6180/12

Table of Contents