Philips HP6542 User Manual page 45

Hide thumbs Also See for HP6542:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жалпы ақпарат
-
Бұл таңба бұл құрылғыны ваннада немесе душта пайдалануға
болмайтынын білдіреді.
-
Құралдың автоматты кернеу таңдағышы бар, сондай-ақ құрал
кернеуі 100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға арналған.
Құралды пайдалану
Ескертпе Бұл құралды сымсыз пайдалану мүмкін емес. Оны тек берілген
адаптермен қолдануға болады.
Эпиляция жасаудың кеңестері
-
Эпиляцияны ваннаға немесе душқа түскен соң жасаған оңай.
Эпиляцияны бастамас бұрын, теріні әбден құрғатыңыз.
-
Жалпы ақпарат: теріңіздің таза, толығымен құрғақ екенін әрі майлы
болмағанын тексеріңіз. Эпиляцияны бастамас бұрын теріге крем
жақпаңыз.
-
Жалпы ақпарат: эпиляцияны жатар алдында жасаған жөн, себебі
әдетте таң атқанша терінің тітіркенуі кетеді.
-
Эпиляцияны 3-4 мм ұзындықтағы түктерге жасаған оңайырақ әрі
қолайлырақ. Түктер ұзындау болса, алдымен қырып тастап, қайта
өскен түктерді 1 немесе 2 аптадан кейін эпиляциямен кетіруді
ұсынамыз.
Эпиляция
Ескертпе Қолтықтағы немесе бикини тұсындағы түктердің
эпиляциясын істеп тұрған эпиляция дискілерінің санын азайтатын
сезімтал аймақ қақпағымен жасаңыз.
1
Кішкене штепсельді құралдың түбіндегі ұяға жалғап (1), адаптерді
қабырғадағы розеткаға жалғаңыз (2).
2
Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.
,
Құрал «II» жылдамдығында істей бастайды, бұл эпиляция
жасаудың ең тиімді жылдамдығы болып келеді.
Ескертпе «I» жылдамдығын пайдалану керек болса, қосу/өшіру түймесін
екінші рет басыңыз. «I» жылдамдығы түгі аз, қол жетуі қиын және
сүйекті жерлерге (тізе мен тобық сияқты) ыңғайлы болып келеді.
ҚазаҚша
45

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents