Philips HP6542 User Manual page 44

Hide thumbs Also See for HP6542:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
44
-
Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
-
Қысқа тұйықтау болмау үшін, құралдың штепсельдік ұшына арналған
ұяға темірі бар затты кіргізбеңіз.
Ескерту
-
Бұл құрал тек әйелдер денесіндегі мойыннан төмен орналасқан
түктерді (қолтықтағы, бикини тұсындағы және аяқтағы) тазартуға
арналған. Оны басқа мақсатта қолдануға болмайды.
-
Зақым мен жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін, істеп
тұрған құралдарды (қосалқы құралы орнатылған немесе
орнатылмаған) бастың шашынан, қастардан, кірпіктерден,
киімдерден, жіптерден, сымдардан, щеткалардан, т.б. заттардан аулақ
ұстаңыз.
-
Алдын ала дәрігермен кеңеспестен, құрал мен түлеген тері
щеткасын тітіркенген теріге немесе қан тамырлары ісінген,
бөртпелері, дақтары, меңдері (түгі бар) немесе жарақаттары бар
теріге пайдаланбаңыз.
-
Иммунитеті төмен, қант диабетімен, гемофилия немесе иммунитет
жетіспеушілігі синдромымен ауыратын адамдар да алдымен
дәрігермен кеңескені жөн.
-
Гигиенаны сақтау мақсатында, құрал және түлеген тері щеткасын
тек бір адам пайдалануы керек.
-
Эпиляторды алғаш қолданған кезде тері кішкене қызаруы немесе
тітіркенуі мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және тез арада жоқ
болады. Құралды көбірек қолданған сайын теріңіз эпиляцияға
үйрене бастайды, тері тітіркенуі азайып, қайта өскен түктер жұқа
және жұмсақ бола бастайды. Егер үш күн ішінде терінің тітіркенуі
басылмаса, дәрігерге көрінгеніңіз жөн.
-
Зақымданған немесе сынған эпилятор басын, қосалқы
құралды немесе түлеген тері щеткасын пайдаланбаңыз,
жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
-
Құралды тек 10°C және 30°C арасындағы температурада қолдануға
және сақтауға болады.
-
Шу деңгейі: Lc = 76 дБ (A).
Стандарттарға сәйкестігі
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша
дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал
пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents