Bosch Professional GAS 12-25 PL Original Instructions Manual page 158

Hide thumbs Also See for Professional GAS 12-25 PL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
158 | Қазақ
Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
u
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
Нұсқау: Ылғалды шаңсоруда алғашқы сүзгі (22) бас
сүзгімен (20) бірге сорғышқа орнатылуын қамтамасыз
етіңіз (D1 және E1 суреттерін қараңыз).
Ылғал шаңсору алдындаңы жұмыс қадамдары
– Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(10) ашыңыз (C суретін қараңыз).
– Алғашқы сүзгіні (22) ыдыстан (7) шығарыңыз.
– Керек болса, (19) пластик қабын немесе шаң қабын
алып тастаңыз.
– Сүзгі ұстағышын (28) тірелгенше бұрау бағытында
бұрап сүзгі ұстағышын бас сүзгімен (20) сорғыш
жоғарғы бөлігін (10) алыңыз.
– Ылғалды сүзгіні (21) сүзгі қорабы (29) арқылы
салыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) орнатып
құлыптарды (9) жабыңыз.
– Резеңке жиегін (23) едендік қондырмаға (25)
салыңыз.
Сұйықтықтарды сорып алу
– Шаңсорғышты іске қосыңыз (жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқыш (1) "Сору" белгісінде).
Шаңсорғыш қалтқымен жабдықталған. Максималды
толтыру биіктігі жеткен кезде сору тоқтатылады.
– Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (1) "Өшіру"
белгісіне орнатыңыз.
– Контейнерді (7) босатыңыз.
Ылғалды сорудан кейін зең басуды болдырмау
шаралары: (қараңыз „Ылғалды сүзгіні тазалау", Бет 159)
Автоматты сүзгі тазалау
Сору қуаты жеткіліксіз болса, сүзгіні тазалау қажет.
Сүзгіні тазалау жиілігі шаң түрі мен көлеміне байланысты.
Жүйелі түрде пайдаланса, максималдық қуат ұзақ
сақталады.
– Шаңсорғышты 6–10 секундқа өшіріп сосын қайта
қосыңыз. Бір бірінен соң қайталамаңыз.
– Алғы сүзгі (22) өшірілгенде ауа соққылары арқылы
тазаланады.
– Сүзгі тазалаудан соң жұмыс істеу үшін шаңссорғышты
қайта қосыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
1 609 92A 4CP | (09.11.2018)
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты қызмет көрсететін қызметкерлер мен өзге
адамдарға қауіп тудырмайтын ретте ажырату, тазалау
және қызмет көрсету керек. Шаңсорғышты бөлшектеу,
тазалау бөлмесі жақсы желдетілуі керек. Шаңсорғыш
ажыратылатын бөлме жақсы желдетілуі керек. Қызмет
көрсету кезінде жеке қорғаныс жабдықтарын киіңіз.
Қызмет көрсетуден соң қызмет көрсету жайын тазалау
керек.
Жылына бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған адам
сүзгінің зақымдалуы, шаңсорғышқа ауа кірмейтіндігі
және бақылау құрылғысының жұмыс істеуі сияқты шаң
тексеру жұмыстарын орындауы қажет.
Лас орталықта тұрған L сыныпындағы шаңсорғыштардың
сырты және барлық машина бөліктері тазаланып,
герметикпен өңделуі керек. Қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарын орындау кезінде тазаланбайтын бөліктерді
алып тастау керек. Бұл бөліктерді өткізбейтін қаптарда
қалдықтарды жою бойынша қолданылатын заңдарға сай
тастау керек.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Контейнерді тазалаңыз
– Контейнерді (7) стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Сүзгіні тазалау
Шаң ыдысын жүйелік ретте босату және сүзгіні тазалау
оптималды сору қуатын қамтамасыз етеді. Егер сору
қуаты жетілмесе шаңсорғышты қызмет көрсету
шеберханасына апару керек.
Алғашқы сүзгіні тазалау
– Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(10) ашыңыз (C суретін қараңыз).
– Алғашқы сүзгіні (22) ыдыстан (7) шығарыңыз.
– (22) алғашқы сүзгіні сай қоқыс контейнерінің
жоғарысында қағыңыз.
– Алғашқы сүзгіні (22) бағыттамаларымен шланг
қысқышы (3) бағытында ыдысқа (7) салыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) орнатып
құлыптарды (9) жабыңыз.
Бас сүзгіні тазалау
– Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(10) ашыңыз (C суретін қараңыз).
– Сүзгі ұстағышын (28) тірелгенше бұрау бағытында
бұрап сүзгі ұстағышын бас сүзгімен (20) сорғыш
жоғарғы бөлігін (10) алыңыз.
– Бас сүзгінің пластиналарын (20) жұмсақ қылшықпен
тазалаңыз.
немесе
Зақымдалған бас сүзгіні (20) алмастырыңыз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents