Bosch BT-ANGLEEXACT 2 Original Instructions Manual page 238

Hide thumbs Also See for BT-ANGLEEXACT 2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
238 | Қазақ
мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда, ескеру
қажет.
Құрылғыны реттеу, керек-жарақтарды алмастыру
u
немесе электр құралын ажырату алдында қуат
көзінен ажыратыңыз. Осы сақтық шарасы электр
құралының кенет іске қосылуына жол бермейді.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Бұрау моментін реттеу (E – G суреттерін қараңыз)
Бұрау моменті ажырату тіркесімінің серіппелерінің алдын
ала керілісіне байланысты болады. Ажырату тіркесімі оң
және сол жаққа айналу кезінде орнатылған бұрау
моментіне жеткеннен кейін ажыратылады.
Жеке бұрау моментін орнату үшін тек бірге жеткізілген
реттегіш құралды (26) пайдаланыңыз.
Электр құралындағы ысырманы (7) артқа қарай толық
жылжытыңыз.
BT-ANGLEEXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30
Алты қырлы дөңбек кілтті (27) алмалы-салмалы аспапқа
(26) салып, оны баяу бұраңыз.
Корпус саңылауында кіші дөңес жер (реттегіш шайба
(28)) тіркесімде көрінгенде, реттегіш құралды (26) осы
дөңес жерге қойып бұраңыз.
BT-EXACT
2 | 4 | 6 |7 | 8 | 9 | 12
Алты қырлы дөңбек кілтті (27) құрал бекіткішіне (2)
салып, оны баяу бұраңыз.
Корпус саңылауында кіші дөңес жер (реттегіш шайба
(28)) тіркесімде көрінгенде, реттегіш құралды (26) осы
дөңес жерге қойып бұраңыз.
Сағат тілінің бағытымен бұрағанда үлкенірек бұрау
моменті, ал сағат тілінің бағытына қарсы бұрағанда
кішірек бұрау моменті пайда болады.
Реттегіш құралды (26) шығарыңыз. Тіркесімді
ластанудан қорғау үшін ысырманы (7) қайтадан алға
жылжытыңыз.
Нұсқау: қажетті реттеу бұрандалы қосылымның түріне
байланысты болады және практикалық тәжірибе өткізу
арқылы анықталуы тиіс. Сынақ бұрап бекітуді
динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Айналу моментін тек берілген қуат диапазонында
u
реттеңіз, әйтпесе ажырату тіркесімі жұмыс
істемейді.
Жарық диодты индикатор
Аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы
Аккумуляторды (18) зарядтау қажет
болғанда, жарық диодты индикатор (11)
жасыл түспен жыпылықтап, дыбыстық сигнал беріледі.
1 609 92A 5P3 | (06.04.2020)
Содан кейін 6 – 8 бұрандалы қосылым ғана жасау мүмкін
болады.
Егер жарық диоды қызыл түспен жанса, бұл жаңа
бұрандалы қосылым үшін қуаттың жеткіліксіз екендігін
немесе электр құралын артық жүктеме түскенін білдіреді.
Электр құралын бұдан былай іске қосу мүмкін болмайды.
Іске қосылудан қорғайтын құлып аккумулятор электр
құралынан шығарылып, зарядталған аккумулятор
салынғанша белсенді болып қалады.
Егер кернеу адаптерімен жұмыс істесеңіз, қызыл түсті
жарық диодты индикатор (11) артық жүктеменің түскенін
көрсетеді.
Жарық диодты индикатор (11) қызыл түспен
жыпылықтаса, бұл электр құралы қызып, оның істен
шыққаның білдіреді. Электр құралын қайта іске қосудан
бұрын жыпылықтау қысқа мерзімде автоматты түрде
сөнгенше күтіңіз.
Әр зарядтағаннан кейін электр құралының пайдалану
мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумуляторды
ауыстыру керектігін білдіреді. Тозған аккумуляторларды
заңды / елге тән нұсқамалар бойынша кәдеге жаратыңыз.
Нұсқау: егер аккумулятордың (18) орнына кернеу
адаптері мен 4EXACT кернеу тұрақтандырғышын
пайдалансаңыз, жарық диодты индикатор (11) қызмет
етпейді.
Бұрандалы қосылымдардың индикаторы
Алдын ала орнатылған айналу моментіне
жеткеннен кейін ажырату тіркесімі
ажыралады. Жарық диодты индикатор (9)
жасыл түспен жанады.
Егер алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпесе,
жарық диодты индикатор (9) қызыл түспен жанып,
дыбыстық сигнал беріледі. Бұрап бекітуді тағы бір рет
орындау керек.
Bluetooth® қосылымының индикаторы
Ажыратқышты (12) басып, Bluetooth® қосылымын іске
қосыңыз. Қызыл түсті жарық диодты индикатор (10)
бұрауыш қосылымды іздеп тұрғанша жыпылықтайды.
Жарық диодты индикатордың (10) қызыл түспен үздіксіз
жанып тұруы Bluetooth® қосылымының орнатылғанын
білдіреді. Алайда бұрауыш әлі де бұғатталып тұрады.
Егер бұрауыш EXAConnecT негізгі станциясынан
босатылса, жарық диодты индикатор (10) сөнеді.
Егер жарық диодты индикатор (10) ажыратқышты
басқаннан кейін қысқа жыпылықтап сөнсе, бұл
бұрауыштың қуатпен жабдықталуы қосылым үшін
жеткіліксіз болып қалғанын білдіреді.
Қайталанудан қорғаныс
Бұрандалы қосылымда ажырату тіркесімі босатылса,
қозғалтқыш өшеді. Қайта іске қосу тек 0,7 секундтық
үзілістен кейін мүмкін болады. Осылайша қатты
бұрандалы қосылымдардың қате тартылуына жол
бермейсіз.
Бұрыштық оймалы бастиекті жылжыту
BT-ANGLEEXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents