Bosch GIM 120 Original Instructions Manual page 115

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
Өлшеу құралын қосып, тігінен туралауға арналған
ватерпас (6) жоғары қарап тұратындай және дисплей
(5) өзіңізге қарап тұратындай етіп тік жазықтыққа
қойыңыз. 10 секунд күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін Cal (10) дисплейде
CAL1 белгісі қысқа уақытқа пайда болғанша шамамен
2 секунд ішінде басыңыз. Сонан соң дисплейде
өлшеу мәні жыпылықтайды.
Өлшеу құралын ватерпас одан ары жоғары қарап
тұратындай, ал дисплей (5) өзіңізден теріс жақта
орналасатындай етіп тік ось бойынша 180°-қа
бұраңыз. 10 секунд күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін Cal (10) қайтадан
басыңыз. Дисплейде қысқа уақытқа CAL2 белгісі
пайда болады. Сонан соң дисплейде өлшеу мәні (одан
ары жыпылықтамай) көрсетіледі. Өлшеу құралы енді
осы жанасу беті бойынша қайта калибрленеді.
Сонан соң өлшеу құралын қарама-қарсы жанасу беті
бойынша калибрлеу қажет. Ол үшін өлшеу құралын
тігінен туралауға арналған ватерпас (6) төмен, ал
дисплей (5) өзіңізге қарап тұратындай етіп көлденең
ось бойынша бұраңыз. Өлшеу құралын тік
жазықтыққа қойыңыз. 10 секунд күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін Cal (10) дисплейде
CAL1 белгісі қысқа уақытқа пайда болғанша шамамен
2 секунд ішінде басыңыз. Сонан соң дисплейде
өлшеу мәні жыпылықтайды.
Өлшеу құралын ватерпас одан ары төмен қарап
тұратындай, ал дисплей (5) өзіңізден теріс жақта
орналасатындай етіп тік ось бойынша 180°-қа
бұраңыз. 10 секунд күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін Cal (10) қайтадан
басыңыз. Дисплейде қысқа уақытқа CAL2 белгісі
пайда болады. Сонан соң дисплейде өлшеу мәні (одан
ары жыпылықтамай) көрсетіледі. Өлшеу құралы енді
екі тік жанасу беті бойынша қайта калибрленеді.
Нұсқау: егер өлшеу құралы ➂ және ➆ қадамдарында
суретте көрсетілген ось бойынша бұралмаса, калибрлеуді
аяқтау мүмкін болмайды (диспллейде CAL2 жазбасы пайда
болмайды).
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Өлшеу құралы жаңбыр астында ұзақ тұрған болса, оның
жұмысына теріс әсер етілуі мүмкін. Толық кептіргеннен
кейін өлшеу құралын шектеусіз қайта пайдалануға болады.
Калибрлеу қажет емес.
Өлшеу құралын тек қорғайтын қалтасында (12) сақтаңыз
және тасымалдаңыз.
Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғайтын
қалтасында (12) жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер
туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер
бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер
төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-
pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы
10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр
құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық
мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе
авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында
орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді
пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және
қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Bosch Power Tools
Қазақ | 115
1 609 92A 58M | (28.11.2019)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gim 60

Table of Contents