Bosch GIM 120 Original Instructions Manual page 114

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
114 | Қазақ
– Қалыпты өлшеу режиміне қайтып оралу үшін Hold/Copy
(11) түймесін қайтадан қысқаша басыңыз. H индикаторы
дисплейде үздіксіз көрсетіледі.
– Жаңа мәнді жадқа сақтау үшін Hold/Copy (11) түймесін
ұзақ басыңыз.
– Hold мәнін жою үшін қосу/өшіру түймесін (9) қысқаша
басыңыз.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру және
калибрлеу
Өлшеу дәлдігін тексеру (B суретін қараңыз)
Маңызды өлшеу әрекеттерін орындамас бұрын,
температураның шұғыл өзгерістерінен кейін және қатты
соққылардан кейін өлшеу құралының дәлдігін тексеріңіз.
45°-тан кем еңістерді өлшемес бұрын, тексеру тегіс,
шамамен көлденең жазықтықта, ал 45°-тан артық еңістерді
өлшемес бұрын, тегіс, шамамен тік жазықтықта орындалуы
тиіс.
Өлшеу құралын қосып, көлденең немесе тік жазықтыққа
қойыңыз.
° өлшем бірлігін таңдаңыз(қараңыз „Өлшем бірлігін
ауыстыру (A суретін қараңыз)", Бет 113).
10 секунд күтіп, өлшеу мәнін жазып алыңыз.
Өлшеу құралын тік ось бойынша 180°-қа бұраңыз. Тағы
10 секунд күтіп, екінші өлшеу мәнін жазып алыңыз.
Өлшеу құралын екі өлшеу мәнінің айырмашылығы
u
0,1°-тан артық болғанда ғана калибрлеңіз.
Өлшеу құралын өлшеу мәндерінің айырмашылығы
белгіленген күйде (тік немесе көлденең) калибрлеңіз.
Көлденең жанасу беттерін калибрлеу
(C суретін қараңыз)
Өлшеу құралы қойылатын жазықтық көлденең сызықтан ең
көбі 5°-қа ауытқуы тиіс. Ауытқу осы шамадан артық болса,
калибрлеу ‑‑‑ индикаторымен тоқтатылады.
Өлшеу құралын қосып, көлденеңінен туралауға
арналған ватерпас (1) жоғары қарап тұратындай және
дисплей (5) өзіңізге қарап тұратындай етіп көлденең
жазықтыққа қойыңыз. 10 секунд күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін Cal (10) дисплейде
CAL1 белгісі қысқа уақытқа пайда болғанша шамамен
2 секунд ішінде басыңыз. Сонан соң дисплейде
өлшеу мәні жыпылықтайды.
Өлшеу құралын ватерпас одан ары жоғары қарап
тұратындай, ал дисплей (5) өзіңізден теріс жақта
орналасатындай етіп тік ось бойынша 180°-қа
бұраңыз. 10 секунд күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін Cal (10) қайтадан
басыңыз. Дисплейде қысқа уақытқа CAL2 белгісі
пайда болады. Сонан соң дисплейде өлшеу мәні (одан
ары жыпылықтамай) көрсетіледі. Өлшеу құралы енді
осы жанасу беті бойынша қайта калибрленеді.
Сонан соң өлшеу құралын қарама-қарсы жанасу беті
бойынша калибрлеу қажет. Ол үшін өлшеу құралын
көлденеңінен туралауға арналған ватерпас (1) төмен,
ал дисплей (5) өзіңізге қарап тұратындай етіп
көлденең ось бойынша бұраңыз. Өлшеу құралын
көлденең жазықтыққа қойыңыз. 10 секунд күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін Cal (10) дисплейде
CAL1 белгісі қысқа уақытқа пайда болғанша шамамен
2 секунд ішінде басыңыз. Сонан соң дисплейде
өлшеу мәні жыпылықтайды.
Өлшеу құралын ватерпас одан ары төмен қарап
тұратындай, ал дисплей (5) өзіңізден теріс жақта
орналасатындай етіп тік ось бойынша 180°-қа
бұраңыз. 10 секунд күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін Cal (10) қайтадан
басыңыз. Дисплейде қысқа уақытқа CAL2 белгісі
пайда болады. Сонан соң дисплейде өлшеу мәні (одан
ары жыпылықтамай) көрсетіледі. Өлшеу құралы енді
екі көлденең жанасу беті бойынша қайта
калибрленеді.
Нұсқау: егер өлшеу құралы ➂ және ➆ қадамдарында
суретте көрсетілген ось бойынша бұралмаса, калибрлеуді
аяқтау мүмкін болмайды (диспллейде CAL2 жазбасы пайда
болмайды).
Тік жанасу беттерін калибрлеу (D суретін қараңыз)
Өлшеу құралы қойылатын жазықтық тік сызықтан ең көбі 5°-
қа ауытқуы тиіс. Ауытқу осы шамадан артық болса,
калибрлеу ‑‑‑ индикаторымен тоқтатылады.
1 609 92A 58M | (28.11.2019)
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gim 60

Table of Contents