Philips HD9020 User Manual page 66

Hide thumbs Also See for HD9020:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
66
2
Илеу қалағының нан табасында қысылып қалуына жол бермеу үшін нанды пісіріп
болғаннан кейін оны бірден алып тастаңыз.
Ескертпе: Егер қалақ қысылып қалса, нан табасына илеу қалағынан асыра су толтырып, 30
минут бойы жібітіңіз. Одан кейін илеу қалағын оқпаннан шығарыңыз.
3
Аз мөлшерде жуу сұйықтығын қосып, илеу қалағын ыстық суда жуыңыз. Илеу
қалағындағы саңылауды ағаш тіс тазартқышпен немесе нейлонды тазарту қылшасымен
тазалаңыз.
4
Аз мөлшерде жуу сұйықтығын қосып, нан табасын ыстық суға малынған жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Нан табасын суға батырмаңыз және ыдыс жуғыш машинамен жумаңыз.
5
Нан табасындағы оқпанды жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
6
Нан табасының ішін таза сумен шайыңыз.
7
Қақпақты оңай жуу мақсатында шешіп алу үшін, қақпақты 90° дәрежеде ашып,
топсаларынан шығарып алу үшін жоғары көтеріп алыңыз. (Cурет 14)
8
Қақпақты дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғыны ыдыс жуғышта жууға болмайды.
9
Құрылғының іші мен сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Химиялық пеш тазарту сұйықтарын пайдалануға болмайды.
10
Құрылғыны қайта жинамас бұрын барлық бөлшектерін құрғақ шүберекпен жақсылап
сүртіп, құрғату қажет.
11
Қақпақты қайта орнату үшін, оны топсасына салып, жауып қойыңыз. (Cурет 15)
сақтау
1
Электр қуаты сымын құрылғының астындағы сымға арналған ілгектерге
ораңыз (Cурет 16).
2
Құрылғыны қауіпсіз, құрғақ жерде сақтаңыз.
Қоршаған орта
-
Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына
өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз (Cурет 17).
кепілдік және қызмет
Егер көмек немесе ақпарат керек болса, не болмаса сізде шешілмеген мәселе болса, Philips
компаниясының www.philips.com веб-сайтына кіріңіз немесе өз еліңіздегі Philips Тұтынушылар
орталығына хабарласыңыз (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан
табасыз). Еліңізде Тұтынушылар орталығы жоқ болған жағдайда жергілікті Philips дилерімен
байланысыңыз.
ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құралда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер
төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты жоя алмасаңыз, еліңіздегі тұтынушы
орталығына хабарласыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents