Philips FC6161 User Manual page 70

Hide thumbs Also See for FC6161:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
70
ҚазаҚша
Ескертпе Қажет болса, ішкі және сыртқы сүзгіні суық немесе жылы сумен жууға болады. Сүзгі
бөлігін қайта қолданбас бұрын, ішкі және сыртқы сүзгіні дұрыстап кептіріңіз.
6
Ішкі сүзгіні қайтадан сүзгі ұстағышына салып (1), сағат тіліне қарсы бұрап орнатыңыз
(2). (Cурет 24)
7
Сыртқы сүзгіні қайтадан сүзгі ұстағышына салып (1), сағат тіліне қарсы бұрап орнатыңыз
(2). (Cурет 25)
8
Сүзгі ұстағышын қайтадан шаң бөліміне салыңыз (Cурет 26).
Ескертпе Сүзгі бөлігінің дұрыс салынғанын тексеріңіз. «Up» (жоғары) сөзі шаң бөлімінің жоғарғы
жағына қарап тұруы керек.
9
Шаң бөлімін құралға қайтадан орнату үшін, оның тесіктерін құралдың шығыңқы бөлігіне
келтіріңіз. Алдымен алынатын саптаманың астын тағып (1), содан кейін үстіңгі жағын
орнына түскенше («сырт» етеді) шаңсорғышқа итеріп салыңыз (2). (Cурет 20)
Еден саптамасы жалғанатын жерді тазалау
Еден саптамасы жалғанатын жерде үлкен қоқыс бөліктері тұрып қалуы мүмкін. Тазалау үшін,
төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1
Саптағы қосу/өшіру түймесін басып, құралды өшіріңіз.
2
Тасымалы шаңсорғышты шешетін түймені басып (1), шаңсорғышты сап бөлігінен шешіп
алыңыз (2) (Cурет 11).
3
Еден саптамасын шешетін түймені басып (1), сапты еден саптамасынан ажыратыңыз
(2) (Cурет 27).
4
Жалғанатын жерден үлкен қоқыс бөліктерін алып тастаңыз.
5
Сапты қайтадан еден саптамасына тағыңыз («сырт» етеді).
айналатын щетканы тазалау
«Щеткаға қоқыс жиналған» қызыл жарығы жыпылықтаса, айналатын щетка ластанған. Бұндай
жағдайда, айналатын щетканы тазалау үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1
Саптағы қосу/өшіру түймесін басып, құралды өшіріңіз.
2
Тасымалы шаңсорғышты шешетін түймені басып (1), шаңсорғышты сап бөлігінен шешіп
алыңыз (2) (Cурет 11).
3
Еден саптамасын шешетін түймені басып (1), сапты еден саптамасынан ажыратыңыз (2).
4
Еден саптамасының астын жоғары қаратыңыз.
5
Айналатын щетканың ойығы өзіңізге қарағанша бұрыңыз. (Cурет 28)
6
Айналатын щеткаға оралып қалған шашты, жіптерді, т.б. қайшымен қиып
алыңыз. (Cурет 29)
7
Шаштар мен қылшықтарды щеткадан алыңыз.
Ескертпе Тазалау жұмысын жеңілдету үшін, айналатын щетканы шығарып алуға болады.
айналатын щетканы ажырату
1
Құралды өшіріңіз.
2
Еден саптамасының астын жоғары қаратып, бекіткішті ашыңыз. (Cурет 30)
3
Айналатын щетканы еден саптамасынан шығарып алыңыз (Cурет 31).

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents