Philips FC6161 User Manual page 68

Hide thumbs Also See for FC6161:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
68
ҚазаҚша
3
Құралды біраз уақытқа қалдырып кету немесе қолдану кезінде тасымалы шаңсорғышты
сап бөлігінен алып тастау үшін, сақтау орнын пайдалануға болады. Сапты сақтау орнына
орнату үшін, еден саптамасына қарай итеріңіз (Cурет 10).
4
Құралды өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін қайта басыңыз.
Тасымалы шаңсорғышты пайдалану
Үстел, жиһаз, көлік орындықтары, т.б. сияқты шағын және жету қиын жерлерді тазалау үшін,
тасымалы шаңсорғышты сап бөлігінсіз қолдануға болады.
Зарядталған тасымалы шаңсорғыш 12 минут жұмыс істейді.
1
Тасымалы шаңсорғыш сапқа тағылған болса, оны шешпес бұрын, құралды қосу/өшіру
түймесін басып өшіру керек.
Ескертпе Құрал қалыпты жылдамдықта жұмыс істеп тұрғанда тасымалы шаңсорғышты
алып тастаса, оның қуаты азаяды. Толық қуатпен жұмыс істеу үшін, тасымалы шаңсорғышты
өшіріп, қайта қосыңыз.
2
Тасымалы шаңсорғышты шешетін түймені басып (1), шаңсорғышты сап бөлігінен шешіп
алыңыз (2) (Cурет 11).
3
Тасымалы шаңсорғышты қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 12).
4
Қолданып болғаннан кейін, тасымалы шаңсорғышты өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін
басыңыз.
Ескертпе Сапқа орнатпас бұрын, тасымалы шаңсорғышты міндетті түрде өшіру керек.
Ескертпе Тасымалы шаңсорғышты сапқа қосылып тұрған күйінде орнатса, айналатын щетка
істемей, құрал дұрыс тазаламауы мүмкін. Айналатын щетканы істету үшін, саптағы қосу/өшіру
түймесімен құралды өшіріп, сол түймемен қайта қосыңыз.
Қосалқы құралдар
Тасымалы шаңсорғыштың төмендегідей қосалқы құралдары бар:
-
бұрыштар мен қуыстарды тазалауға арналған саптама;
-
сезімтал беттерді тазалауға арналған щетка саптамасы.
1
Пайдаланылатын қосалқы құралды зарядтау қондырғысының сақтау орнынан алыңыз.
2
Қосымша құралды шаңсорғыштың алынатын саптамасына орнатыңыз (Cурет 13).
Тазалау
Зарядтау қондырғысын тазаламас бұрын, адаптерді қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз.
1
Тасымалы шаңсорғыштың, сап бөлігінің және зарядтау қондырғысының сыртын дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
2
Шаң бөлімін босату мен тазалау және сүзгі бөлігін тазалау үшін, «Шаң бөлімін босату»
және «Сүзгі бөлігін тазалау» тарауларындағы нұсқауларды орындаңыз.
шаң бөлімін босату және тазалау
Тасымалы шаңсорғыштың шаң бөлімін уақытымен босатып және тазалап отырыңыз.
Ескертпе Ашқанда, тасымалы шаңсорғышты қоқыс шелегінің үстінде ұстап тұрудың қажеті жоқ.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents